ІІМ: зорлық құрбандарының жартысынан көбі арыз жазбайды

Қазақстанда жыл басынан бері полицияға тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы 68 мыңнан астам хабарлама келіп түскен. Дегенмен, зорлық құрбандарының 63%-і арыз жазудан бас тартады. Бұл туралы ҚР ІІМ-не қарасты polisia.kz сайтына сілтеп, Vlast.kz хабарлады.

Vlast.kz дерегінше, 2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда қиын жағдайға тап болған 2700-ден астам әйел дағдарыс орталықтарына жіберілген.

Бұдан бөлек, осы кезеңде ішкі істер органдарында тұрмыстағы зорлық-зомбылық фактілері бойынша 203 өтініш тіркелген.

Контекст

  • БҰҰ хабарынша, Қазақстанда жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 400-ге жуық әйел қайтыс болады.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz