Hola News сайтының бұғатталғаны хабарланды

Hola News сайты үшінші күн қатарынан ашылмай, бұғатталып жатыр. Бұл туралы сайттың ресми телеграм парақшасында хабарланды.

Редакцияның хабарлауынша, сервер Қазақстанда орналасқасын ел ішінде және шетел провайдері арқылы сайтқа кіруге мүмкін емес. Сайт әкімшілігі мұның себебін анықтап, жөндеуге тырысқан.

Сонымен қатар, сайттың хостинг провайдері PS.kz тарапынан бұғаттау болмаған. Бірақ желімен қамтамасыз ететін провайдерлерден байланыс үзілгені жазылған. Редакция операторлардан ешқандай жауап алмаған.

Сайт программистерінің айтуынша, мұндай шабуыл DPI (Deep Packet Inspection, желі пакеттерінің терең анализі) деп аталады.

Қазіргі уақытта Holanews.kz сайты материалдарды әлеуметтік желіде жариялап жатыр.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz