Google келесі жылдан бастап Қазақстанға салық төлейді

Қазақстанда 2022 жылдан бастап салықтың жаңа түрлері енгізіледі. Бұл туралы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Әнуар Сүлейменов айтты.

Сүлейменов келесі жылдан бастап күшіне енетін салық заңнамасына енгізілетін өзгерістер туралы түсіндірді.

Келесі жылдың қаңтарынан бастап “Google салығы” деп аталатын цифрлық салық енгізіледі. Бұл шетелдік және отандық компаниялар арасындағы бәсекелестік жағдайын теңестіруге мүмкіндік береді. Шетелдік компаниялар салықты интернет, сайт, электрондық сервис арқылы тауар мен қызметін сату кезінде төлейді.

Әнуар Сүлейменов.

Сонымен қатар, мұның жала салық емес екенін ескертіп, қосымша құн салығы бойынша әдеттегідей 12% төленетінін айтты.

Бұған қоса 2022 жылдан бастап цифрлық майнинг қолданатындарға да салық енгізіледі. Бұл төлем бойынша, 1 теңге 1 киловатқа бағаланады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz