Фактчек | Германиядағы карантин

15 сәуірде Германияның Канцлері карантин режимінен шығуға алғашқы қадамдарды жасады. Ол шағын дүкендерді ашуға мүмкіндік беріп, елді біртіндеп қалпына келтіруге бағытталған алғашқы бағдарламаларды жариялады. БАҚ-та осыған байланысты Германияның кейбір қызмет орындарында толықтай карантин тоқтады деп хабарланды. Factcheck.kz Германиядағы карантинге байланысты ақпаратты анықтады.

17 сәуірде “Выбор Молдовы” сайтында Deutsche Welle сайтына сілтеп, мынадай ақпарат жарияланды.

Германия карантин режимін жеңілдетіп, дүкендер, мұражайлар, кітапханалар, хайуанаттар бағын ашады.

Үкім: Манипуляция

«Выбор Молдовы» порталында Германиядағы карантиннің расымен жеңілдетілгені туралы жазылған. Бірақ Deutsche Welle сайтында кітапханалар мен мұражайлар туралы ештеңе жазылмаған. Германияда қандай шара қолданып жатқанын қысқаша түсіндіріп өтейік.

Германияның 16 лидерімен кездесуінде Ангела Меркель елдегі шектеуді біртіндеп жеңілдетіп, коронавирусқа қарсы күресте белгілі бір прогреске қол жеткізгендерін айтты.

Германия карантин режимін қалай жеңілдетті?

  • Ара қашықтықты сақтау еш өзгеріссіз қала береді.
  • Коронавирусқа бейім келетін халықты қорғау
  • Шаштаразды 4 мамырдан бастап ашу
  • Шіркеулер әдеттегідей жұмысын жалғастырмайды
  • Бар, клуб, мейрамхана, кинотеатр мен қонақ үйлер жабық күйінде қалады
  • Денсаулық сақтау органдары штат кестесін арттырады
  • Вирус жұқтырғандармен байланысы барларды бақылауға арналған бағдарлама жасау
  • Аптасына 650 000-нан астам адамды сынақтан өткізу.
  • Мектептер 4 мамырдан бастап жұмысын бастайды.
  • Германияда 20 сәуірден бастап сауда алаңы 800 шаршы метрді құрайтын дүкендерге жұмыс жасауға рұқсат етілген.

Кітапхана мен музей Канцлердің сөзінде айтылмаған. Германия Ұлттық кітапханасының ресми сайтында 2020 жылдың 3 мамырына дейін жұмысы тоқтатылғаны жазылған. Германия мұражайлары да 3 мамырға дейін жабық болады.

Ал Берлиндегі хайуанаттар бағы 28 сәуірден бастап жұмыс жасауды жоспарлап отыр. Бірақ бұл Ангела Меркельдің соңғы мәлімдемесіне сай қаншалықты жұмыс уақытын өзгертетіні белгісіз. Әзірге тек билетті ертерек алған адамдар келе алады. Кассалар жұмысын тоқтатқан.

Ангела Меркель не деп айтты?

Канцлер мен федералды штаттардың үкімет басшылары 30 сәуірде Германиядағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға баға беруі тиіс еді. Бірақ 24 сәуірде Ангела Меркель жиналыстың 6 мамырға ауысқанын мәлімдеді. Канцлер Германия аймақтарындағы карантин режимін қатты сынады.

Ол карантин режимін жеңілдету – коронавирус пандемиясының екінші толқынын алып келу мүмкін деді. Сыртқы істер министрі Хейко Маас Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірінші рет Мюнхенде Октоберфест болмайтынын мәлімдеді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz