Германия Facebook-ке WhatsApp қолданушыларының дерегін жинауға тыйым салды

Германия реттеушісі Facebook-ке WhatsApp қолданушыларының дерегін жинауды тоқтатуға шақырды. Себебі Германия реттеушісі мессенджердің құпия ақпарат жайлы саясатын заңсыз деп таныды. Бұл туралы Bloomberg сайты хабарлады.

Гамбургтың деректерді қорғау және ақпарат бостандығы жөніндегі комиссары Йоханнес Каспар үш ай бойы деректерді жинауға тыйым салды. Бұған қоса, Еуроодақ мүшелеріне осындай шара қабылдауды сұрады.

Оның айтуынша, WhatsApp-тың жаңа шарттары түсініксіз, даулы және ашық емес. Бұйрық 15 мамырдан бастап күшіне енеді.

Bloomberg дерегінше, Германияның бұйрығы Facebook компаниясының бизнес стратегиясына кері әсер етеді. Ал WhatsApp өкілінің айтуынша, комиссар Каспардың талаптары орынсыз және бұл бұйрық құпия ақпарат жайлы саясатты енгізуге төтеп бере алмайды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz