Фейк | Жапон профессоры коронавирустың қолдан жасалғанын мәлімдеді

Желіде жапон профессоры және Нобель сыйлығының лауреаты Тасуку Хондзё коронавирус Қытайда жасанды жолмен пайда болды деп мәлімдеді деген ақпарат тағы да тарап жатыр.

Фейк | Жапон профессоры коронавирустың қолдан жасалғанын мәлімдеді

Үкім: Фейк

Тіпті зомби-фейк. Сәуір мен мамырда бұл ақпаратты Reuters, Snopes және басқа да редакция фактчекерлері жоққа шығарған болатын. Енді фейк Қазақстанға да жетті.

Жалған ақпарат бірнеше тілде және бірнеше елге тараған. Профессордың өзі бұл ақпараттың өтірік екенін 2020 жылдың сәуірінде мәлімдеген.

Профессордың мәлімдемесі 27 сәуір күні Киото университетінің сайтында жарияланды. Төменде мәтіннен үзінді:

COVID-19 пандемиясынан болған ауру, экономикалық шығын және әлемде болып көрмеген қасіреттен кейін менің және Киото университетінің аты жалған айыптау мен дезинформация тарату үшін пайдаланылғанына көңілім құлазып тұр. Бұл бәрімізге, әсіресе ортақ жаумен күресу үшін өз мансабын алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеулерге арнаған адамдарға арналған уақыт. Барлық күш науқастарды емдеуге жұмылдырылған кезеңде індеттің пайда болуы туралы негізсіз пікірлер өте қауіпті.

Тасуку Хондзё, 27 сәуір 2020 жыл

Ғылыми зерттеулер жаңа  SARS-CoV-2 коронавирусы табиғи жолмен пайда болғанын көрсетті. Оның жасанды жолмен пайда болғанын дәлелдейтін ғылыми факт жоқ.

Оған қоса, тараған хабарламада Тасуку Хондзёнің Ухань зертханасында жұмыс істегені айтылған. Бұл да – жалған. Профессор тек АҚШ пен Жапонияда жұмыс істеген. Ол туралы университет сайтындағы оның биографиясында жазылған.

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz