Фейк | Уханьдағы АҚШ консулдығынан биоқауіп таңбасы бар контейнерлер табылды

Әлеуметтік желілер мен  мессенджерлерде Уханьнан биоқауіп таңбасы бар контейнер табылғаны туралы айтылған ақпарат тарап жатыр. Онда былай делінген:

«Қытайдың СІМ Ухань қаласындағы эвакуцияланған бас консулдықтан биологиялық қауіптілік таңбасы бар контейнерлер табылғанына байланысты АҚШ-тан түсініктеме талап етіп жатыр. Сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесінде контейнерлер 30 қаңтар күні табылғаны айтылған.
«Ресми және жабық арналар арқылы бірнеше күннен бері нақты пікір ала алмай жатқандықтан, бұл сұрақты басқаша дәрежеге көтеріп, көпшілік алдында жауап беруді талап етіп отырмыз. Сонымен қатар, Қытай шұғыл түрде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жиынын ұйымдастырады», – деп мәлімдеді ҚХР СІМ өкілі Хуа Чуниьин. Мекемедегілер биологиялық қауіптілік таңңбасы бар жалпы 8 контейнер табылғанын айтты. «Синьхуа» агенттігі де консулдық маңындағы әскери қоймадағы олардың суретін жариялады.

Тараған хабарламаның мәтіні

Үкім: Фейк

Бұл фейкті біздің ескі танысымыз Panorama.pub сайты жасады. Бірақ, мұны «сатира» деп айта алмаймыз, бұл әдейі істелген дезинформация. «Синьхуа» агенттігі ешқандай контейнерлердің фотосын жарияламады, ал материалдың өзі жасанды фотомен толығып, оған иероглифтерді енгізіп қойған.

Фейктің таралуына мына факт та әсер етті: Қытай СІМ-нің ресми өкілі Хуа Чуниьин АҚШ өз консулдығын бірінші болып эвакуциялау арқылы «үрей тудыруға себеп болды» деп мәлім етті.

Хуа Чуньиннің сөздері 31 қаңтар күні «Синьхуа» сайтында жарияланды: «…көп елдер әртүрлі тәсіл арқылы Қытайға эпидемиямен күресуге көмектесіп жатыр. АҚШ-тың пікірі мен әрекеттері, керісінше, шындыққа сәйкес келмейді және өте орынсыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барлық елдерді сапарларына шектеу қоймауға шақырды, ал АҚШ ұсынысқа қарамастан өздерін теріс қырынан көрсетіп, жағымсыз қадам жасады», – деді қытайлық СІМ өкілі журналиске берген жауабында.

Ақпаратты біреуге жібермес бұрын тексеріңіз. Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан бірнеше адам ұсталды.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz