Фейк | “Сүйінші, әйелдер пенсияға 58-де шығады”

Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен түрлі You Tube парақшаларда әйелдердің зейнет жасына байланысты қауесеттер тарап жүр. “Сүйінші сұраған” видео мен аудиоларда әйелдердің зейнет жасын 58-ге “түсіргендігі” туралы айтылуда. Расымен де зейнет жасы түсе ме? Factcheck.kz сайты тексеріп көрді.

Тарап жатқан видеоның бірі

Сүйінші! әйелдердің зейнет жасын 58-ге түсіретін болыпты, бір сағат бұрын ғана қол қойыпты.

Тарап жатқан аудио-видеоның мәтіні

Үкім: Фейк және манипуляция

Фейк мынада: ҚР Президентінің ресми сайтында не басқа да ресми сайттарда бұл туралы ақпарат жоқ. Яғни ақпарат ойдан құрастырылған. Ал “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” заңнамасында әйелдердің зейнет жасы 2022 жылы 60,5 жас деп бекітілген. (11 бап, 1-тармағы бойынша).

Манипуляциясы мынада: Көптеген ақпарат көздері Қазақстан халық партиясының (ҚХП) кеңейтілген отырысында айтылған мәлімдемелеріне сілтеген. Ондағы ұсыныстарды бұрмалап, зейнет жасын “төмендетеді” деген.

Толығырақ…

ҚХП 4 сәуірде кеңейтілген отырыс өткізіп, ҚР Конституциясына 5 өзгеріс енгізуді ұсынды. Соның бірі – әйелдердің зейнет жасын 58-ге төмендету туралы болды. Түпкі ақпарат осы жерден тарады, яғни жоғарыда атап өткеніміздей, бұл ақпараттан кликбейт жасап, көрілім жинау мақсатында ғана шығарғаны көрініп тұр. Оның үстіне Тоқаетің соңғы мәлімдемелерінен кейін суретін қойып, видео шығару көп көрілім жинауға септігін тигізді. Мысалы “сүйінші сұраған” видео 200 мыңнан астам көрілім жинаған.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz