Фейк | Малшыны жеп қойған құбыжық

Соңғы күндері Whats App мессенджерде белгісіз жануар мен сол жануар жеп қойды деген адамның жарты денесі түсірілген сурет пен аудиожазба тарап жатыр. Бір қызығы оқырмандар бұл оқиғаның Қазақстанда болғанына сенеді. Аудиожазбада “Қапалақ деген жердегі Иса есімді малшыны осы жануар жеп кетіпті” дейді. Оқырман жіберген ақпаратты тексеріп көретін боламыз.

Ескерту! Суретте қан іздері бар. Мессенджерде тараған суретті сол қалпында бердік.

Үкім: Фейк

Екі фото бір оқиғаға да, Қазақстанға да қатысы жоқ. @lesistern есімді интернет қолданушы екі жыл бұрын Reddit-те тараған “Ит” тәріздес жануардың суретін 2021 жылы өзінің туиттер парақшасына “What is this Animal” мәтінімен жүктеген. Ал екінші фотода – Израиль әскерлері бомбалаған кезде қаза тапқан Палестина азаматы.

Фотосурет қалай тарады?

Бұл екі сурет әлем жаңалықтарында да бір оқиғаға қатысты ақпарат ретінде тараған, Қазақстаннан бөлек Түркия, Йемен және Пәкістан сияқты бірнеше елдің медиасында жарық көрген. Аталған елдің ресми өкілдері бұндай оқиғаның өңірде болмағанын айтып, ақпаратты жоққа шығарды.

Оқиға Сантьяго-дель-Эстерода болған дейді. Кимили (Морено департаменті) қаласының маңында далада болған адамды “таңқаларлық жануар” жеп қойды деп мәлімдейді. Суреттер ғаламторға тарап, адамдар арасында шу болады. Бірақ олар бұл «аңның» шынымен бар екенін дәлелдемейді.

Кейіннен осы жануардың суреті мен «Мында қараңыз, бұл ит емес. Ол адамды тұтасымен жеп қойды», – деген аудио жазбалар Whats App мессенджерде қоса тараған. Ақпаратқа сәйкес, «аң» Сантьяго-де-Эстеро аймағында болған Сан-Кристобалдан жүк көлігінің жүргізушісін «жеді» деген ақпаратқа көп адам күмәндана бастайды. Кейбірі жалған ақпаратқа сеніп, тарата бастайды.

Ақпарат туралы нақты дерек қандай?

“Ит” тәріздес жануардың суреті интернетке 2018 жылы шыққан. Желілерде және WhatsApp-та пайда болған қауесеттерге қарамастан ақпарат жалған. Жоғарыда айтқанымыздай “Ит” тәріздес жануардың суретін @lesistern есімді интернет қолданушы екі жыл бұрын Reddit-те тараған суретті өзінің твиттер парақшасына жариялайды. Ал екінші фотода бомбалау кезінде қаза тапқан азамат. Фотосуреттер біріктіріліп, бір оқиға төңірегінде тараған.

Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) “ит” тәріздес жануардың фотосуретіне байланысты мынадай мәлімдеме жасаған: «Жарияланған фотосуреттегі жануар қасқырға ұқсамайды, керісінше, Африкада, Орталық Азияда және Үнді субконтинентінің бөліктерінде табылған жолақты гиенаға (Hyaena hyaena) ұқсайды».

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz