Фейк | Германиялық комиссия: коронавирус – жаһандық жалған дабыл

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде «Миру Мир» деп аталатын порталдың мақалалары кеңінен талқылануда. Оның ішінде, Германия Федералды ішкі істер министрлігі дайындаған құпия баяндама туралы ақпарат тарап жатыр. Онда коронавирус «жалған дабыл» деп сипатталады.

Мақалада баяндаманы министрлік тағайындаған ғылыми топ дайындады делінген. Баяндаманы БАҚ-қа министрлік қызметкері Стефан Кон ұсынған. Кейін баяндаманы таратқаны үшін оны жұмыстан шығарып жіберіпті-міс. Кон үкіметке ақпаратты жасырып қалуға мүмкіндік бермеген «құпияны ашушы» ретінде бейнеленген.

Үкім: Манипуляция

Материалда шынайы факт, сенімсіз дерек пен ойдан шығарылған мәлімет араласқан. Ол автордың өзіне немесе сілтеме берілмеген дереккөздерге тиесілі. Сайт коронавирус туралы ақпарат таратып, сол арқылы табыс табуды көздейтін тәрізді. Өйткені мақалаларының көп бөлігі конспирологияға негізделген.

Жоғарыда айтылған баяндама расында бар. Бірақ оны Стефан Кон өзінің бастамасымен өзі жазып шыққан. Стефан коронавирус бойынша дағдарыс тобының құрамында болған жоқ. Баяндаманы жазу кезінде ол 10 сарапшыға өзі хабарласып, кеңескен.

Dokument93

8 мамырда баяндамасын министрліктің барлық жұмысшысы мен жергілікті органдарға жібереді. Сол кезде ол министрліктің бланкін пайдаланып, баяндамадағы ақпаратты мекеменің пікірі ретінде көрсеткісі келген.

Баяндамада басқа да пікірлермен қатар, үкіметке өткір сын айтылған. Автордың айтуынша, олардың қорғаныс шаралары коронавирустен да көп адамды өлтірді.

Содан кейін Федералды ішкі істер министрлігі баспасөз релизін дайындап, баяндаманың мазмұны тек бір қызметкердің – Стефан Конның ғана пікірі екенін хабарлады.

Ішкі істер министрі Хорст Зеехофер журналистерге пікір беру кезінде былай деп мәлімдеді: «Мен өз министрлігімде либерализмнің жоғары дәрежеде болғанын қолдаймын. Сондықтан оның (Стефан Кон) жеке пікіріне қатысты ешқандай мәселе жоқ. Бірақ ол министрліктің инфрақұрылымы мен ресми бланкілерін пайдаланып, мұны министрліктің пікірі ретінде көрсеткісі келген. Бұл, әрине, дұрыс емес. Либерализмге қарамастан, адамның ниеті түзу болуы керек».

Егер осы фактілерді ескерсек, құпия баяндаманың тарап кетуі туралы «жаңалықтың» мәні қалмайды. Министрлік дайындамаған және оның жариялануына ешкім кедергі болмаған баяндама құпия деп есептелмейді және тарап кетуі қауіпті емес.

Тек мынаны ескерген жөн, Стефан жұмыс істейтін бөлім басшысы жұртты шатастырмас үшін оған баяндаманы ресми арналарды пайдаланбай өз атынан таратуды ұсынған.

Стефан Конға кеңес берген сарапшылардың құрамында түрлі сала мамандары мен ғалымдар бар. Олардың ішінде профессор Сухарит Бхакди мен иммунотоксиколог Стефан Хокерцті атап айтуға болады. Олар карантиндік шаралар мен «коронавирус үрейіне» сын айтумен танымал болғандар. 11 мамырда сарапшылар achgut.com басылымында өздерінің баспасөз хабарламасын жариялады. Олар мекеменің реакциясын сынап, баяндамаға көңіл бөлуін сұрады.

Енді мақала жарияланған сайт туралы                                    

mirumir.life доменінің тіркелгеніне бір ай да болмаған. Яғни 2020 жылдың 12 мамырында тіркеліп, 17 мамырда жаңартылды. Иесінің мәліметтері жасырылған. Сервер АҚШ-та, Аризона штатында.

Оқырмандар неден күдіктенуі керек еді:

  • Редакция туралы мәлімет жоқ, материалдың авторы (немесе авторлары) көрсетілмеген.
  • Қандай да бір себеппен тақырыптың астында автордың орнына «дүкен» (магазин) деген сөз жазылған (сайт интернет-дүкенге арналған дайын тегін шаблонмен жасалған тәрізді).
  • Сайтта материалды жазған кезде 28 мақала болды. Соңғылары 2 маусымда жарияланған.
  • Материалдардың көбі коронавируске арналған, оның ішінде 5G технологиясының зияны, вакцинаның қауіптілігі немесе covid-19 зияндылығы асыра сілтенген деген сынды конспирологиялық теориялар бар. Әдеттегідей, бұл тізімнен Билл Гейтске де орын бұйырды.
  • Кейбір материалдарға «фейк-ньюз» (фейк жаңалықтар) деген тег қойылған. Автордың фактчектен хабары бар секілді. Бірақ бәрін керісінше жасайды – фейктерді құрастырады.
  • Сайттың өзі WordPress платформасында жасалған. Әлеуметтік желілерге сілтеме жоқ. Оған қоса, «экстра» және «хабарландыру» бөлімдері бос тұр. Сайттың қаралымы көп емес, күніне шамамен 200 қаралым.

Қорытынды:

  • Стефан Конның баяндамасы туралы ақпарат – манипуляция. Германия үкіметіне қарсы кейбір деректер қосылмаған немесе өзгертілген.
  • «Миру Мир» сайтының факттарды келтіру дәрежесі сын көтермейді.
  • Партизандық сайт көптеген фактчекинг ұйымдары жоққа шығарған конспирологиялық теорияларды жариялайды. Автор(лар) өз аргументтерін жеткізу үшін қатты пікір білдіріп, оқырмандардың эмоциясымен ойнап, логикалық айла-тәсілдерді пайдаланады.
Медет Есимханов
Журналист Factcheck.kz. Изучал международные отношения и государственную политику.