Фактчек| Шприцтің жоғалатын инелері

Әлеуметтік желіде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салған адамдарға күмәнмен қарайтын видео тарап жатыр. Материалда Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға вакцина егіліп жатқаны көрсетілген. Алайда ол видео шприцтің инесі “жоғалып кетеді” дегенді меңзейді. Біз мұның рас-өтірігін анықтауға тырыстық.

Ел арасында тараған видео

Үкім: Манипуляция

Б. Нетаньяхуға 2020 жылы 19 желтоқсанда камера алдында Pfizer мен BioNTech вакцинасы егілді. Түрлі медиада тарған ақпаратта вакцина салынғанын, шприц ішіндегі сұйықтық премьерге егілгенін анық көруге болады. Ел арасында тарап жатқан “ойыншық” инеден вакцина салынғанының еш дәлелі жоқ. Сол үшін де бұл ақпарат манипуляция.

Видеода қосарласып шыққан жазу албан тілінде болса керек. Ол жерде “Ине егілгенде адамның реакциясыз отырғанына мән беріңіз” дегенге сай келетін ой айтылады. Бірақ барлық адам шприц инесін ауырсынбайтынын ұмытпаған жөн.

Айта кетерлігі, бұл халық арасында вакцина мен шприцтер туралы тараған алғашқы жалған ақпарат емес. “Жоғалатын ине” туралы тағы бір жалған хабарды BBC терістеген.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz