Камала Харрис шынымен вакцина салдырды ма?

Қазақстан және Ресей медиа кеңістігінде және мессенжерлерде АҚШ-тың жаңадан сайланған вице-президенті Камала Харристің коронавирусқа қарсы вакцина қабылдағанына күмән келтіретін видео тарап жатыр. Автор материалда шприцтің инесі жоқ екенін меңзейді. Factcheck.kz ақпараттың рас-өтірігін анықтауға тырысты.

https://videopress.com/v/LQysqqyG?preloadContent=metadata
Мессенжерлер арқылы тараған видео

Үкім: Манипуляция

2020 жылы 29 желтоқсанда Камала Харрис жария түрде коронавирусқа қарсы Moderna вакцинасын салдырды. Бұл туралы саясаткер Twitter парақшасында жазды және бірнеше медиада тарады. Ел арасындағы видеоның сапасы төмендігінен (қасақана істелген болуы мүмкін) шприц инесі көрінбейді. Алайда Reuters агенттігі таратқан бейнеде инені анық байқауға болады. Сол себептен де АҚШтың жаңа вице-президенті вакцина салдырмады деу жалған және манипуляция.

Оның үстіне әлеуметтік желі қолданушылары шприцтің инесінен қорғайтын қалқанды оның қалпағымен шатастырған болса керек. Алайда бұл жай ғана қалқанша. Мұны суреттерден көруіңізге болады.

Камала Харрис шынымен вакцина салдырды ма?
Moderna вакцинасы сынағының үшінші кезеңінің қатысушысына арналған плацебосы не вакцинасы бар шприц
Пол Хеннесси 2020 жыл, 4 тамыз
  • Камала Харрис шынымен вакцина салдырды ма?
  • Камала Харрис шынымен вакцина салдырды ма?
  • Камала Харрис шынымен вакцина салдырды ма?

Контекст

2020 жылдың 18 желтоқсанында АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы коронавирустың алдын-алу үшін екінші вакцинаны төтенше жағдайда пайдалануға рұқсат берді. Бұл АҚШ-та Moderna COVID-19 вакцинасын 18 жастан асқан адамдарға қолдануға мүмкіндік береді.

  • Клиникалық сынақ мәліметтеріне сүйене отырып, Moderna вакцинасының екі дозасын қабылдағандарда (зертханалық расталған) COVID-19 ауруының алдын алуда 94,1% тиімділік көрсетті;
  • Вакцинаның әртүрлі жастағы, жыныстағы, нәсілдегі және этникалық топтағы адамдар арасында, сондай-ақ қосарласа жүретін ауруы бар адамдарға клиникалық зерттеу кезінде тиімділігі дәлелденді;
  • Клиникалық зерттеу кезінде ауруханаға бірнеше адам түскенімен, Modernа вакцинасы егілгендер плацебо тұзды ерітіндісін қабылдаған адамдармен салыстырғанда сирек кездесті.

Бұл материал Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің COVID-19 туралы жалған ақпаратпен күрес жобасы аясында жарияланды.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz