Фактчек | Раманқұлов ғылыми қызметкерлер, жедел жәрдем жүргізушілері, тех.персоналдар жалақысы жайлы

21 сәуірде Мәжілістің кезекті жалпы отырысында депутат Мақсат Раманқұлов әлеуметтік сала қызметкерлері мен техникалық қызметкерлер жалақысын көтеруге шақырды. Әңгіме санитарлар, жедел жәрдем жүргізушілері, музей, мектеп, кітапхана, архив қызметкерлері туралы болды.

Оның сөзі 1:05:50-де басталады

Оның айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі негізгі ауыртпалық түсетін ғылыми қызметкерлер орташа есеппен 60 мың теңге жалақы алады. Ол жедел жәрдем жүргізушілері, шамамен 70-75 мың теңге алатынын, ал мектеп пен балабақшадағы техникалық қызметкерлердің жалақысы, шамамен 50 мың теңге екенін айтты.

Factcheck.kz редакциясы депутат айтқан деректерді тексерді.

Мәлімдеме: «Сонымен, біз бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы жиі айтамыз, осы бағытта аштық пен репрессия құрбандарын оңалту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл қызметтегі негізгі ауыртпалық мұрағат, музей және кітапхана қызметкерлеріне, тарихшыларға, өнертанушыларға және басқа да мамандарға түседі. Сонымен қатар, осы саладағы орта буын қызметкерлерінің орташа жалақысы – тіпті жоғары білімі бар болса да, шамамен 60 мың теңге»

Мақсат Раманқұлов

Үкім: Жартылай шындық

Мәлімдеме жалпы қол жеткізе алатын мәліметтерге сай келеді, бірақ дереккөздер толық емес, кейде цифрлар әртүрлі болады. Төменде барлық қолда бар мәлімет келтірілген, олардың көпшілігі депутат сөзін растайды.

Статистика комитетінің 2021 жылғы бірінші тоқсанындағы есебі бойынша, ғылыми қызмет саласындағы орташа жалақы – 379 917 теңге. Бірақ мұнда елдегі барлық ғылыми қызметкердің жалпы саны алынған. 2019 жыл бойынша «Қазақстандағы еңбекақы» статистика жинағында мемлекеттік мекемелердегі ғылыми қызметкерлердің орташа жалақысы – 150 536 теңге, ал электрон еңбек биржасында ол, тіпті айына 40 мың теңгеден басталуы мүмкін.

Салыстыру үшін айтайық, сол ақпарат бойынша, ғылыми ұйымдардағы ғылыми қызметкерлерге ақы төлеу деңгейі жеке ұйымдарда – 297 005 теңге, ал шетелдік кәсіпорындарда айына – 728 552 теңге.

Сонымен қатар, ресми ақпарат бойынша, 8 194 ғылыми қызметкер 2019 жылы 45 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейінгі жалақы алды, ал 1684 маман айына 20 мың теңгеден 45 мың теңгеге дейінгі жалақы алды. Статистика комитеті Қазақстанда жұмыс істейтін халықтың 22%-тен астамы 45 000-нан 70 000 теңгеге дейін жалақы алады деп мәлімдейді. Бұл да елдегі жалақының төмен екенін көрсетеді.

Фактчек | Раманқұлов ғылыми қызметкерлер, жедел жәрдем жүргізушілері, тех.персоналдар жалақысы жайлы

Оған қоса, Қазақстандағы электрон еңбек биржасын қарасақ, онда ұсынылған хабарландыруларда ай сайынғы төлем деңгейі одан да төмен. Мысалы, мемлекеттік мекемелерде тарихшыларға айына 42 500 теңге жалақы алатын жұмыс ұсынылуы мүмкін. Ал музей әдіскерлеріне немесе библиографтарға 80 000 теңге ұсынылады.

Мәлімдеме: «Жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы – шамамен 70-75 мың теңг, ол 5 жылдан астам уақыттан бері көтерілмеген. Ал мектеп пен балабақшаның техникалық қызметкерлері жалақысы – шамамен, 50 мың теңге»

Мақсат Раманқұлов

Үкім: Жартылай шындық

Бұл мәлімдеме ішінара қолда бар мәліметтерге сәйкес келеді, дегенмен депутаттың бұрынғы мәлімдемесіндегі сияқты, цифр көрсеткіштері дереккөздерге байланысты өзгереді. Оған қоса, кейінгі бір жыл ішінде статистика мәліметтері жоқ. Төменде барлық қолда бар мәлімет келтірілген, олардың көпшілігі депутаттың сөзін растайды. 2019 жылғы мәлімет бойынша, денсаулық сақтау саласындағы жүргізушілердің жалақысы – 87 417 теңге. Сол мәліметтер бойынша, ол жыл сайын көбейді.

Дегенмен, шын мәнінде, жалақы аймақтар мен жұмыс уақытына байланысты әртүрлі болады. Жүргізушілердің өзі 70-тен 80 мың теңгеге дейін алатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, ресми статистикада «техникалық персонал» категориясы жоқ, бұл қызмет түрі «білікті емес жұмысшылар» санатына жатқызылады. Сол мәліметтер бойынша, осы саладағы орташа жалақы 2 жыл бұрын 80 мың теңгеден астам болған, бірақ іс жүзінде жалақы әлдеқайда төмен.

Статистика комитеті мәліметі бойынша, 2021 жылдың бірінші тоқсанында денсаулық сақтау саласында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 197 383 теңге, білім беру саласында 176 462 теңге болған. Дегенмен мұнда әр профессия бойынша біліктілік көрсетілмеген, барлық жалақының орташа көрсеткіші алынған.

Елдегі жалақы туралы толығырақ ақпарат «Қазақстан Республикасындағы еңбекке ақы төлеу» статистикалық жинағында жарияланған, бірақ кейінгі мәліметтер 2019 жылға сәйкес келеді.

Осы ақпарат бойынша, 2019 жылы біліктілігі жоқ жұмысшылардың орташа айлық жалақысы (техникалық персонал осылай біліктілікке ие болады, өйткені есепте бұл мамандыққа арналған жеке баған жоқ – ред.) – 83 910 теңге, ал денсаулық сақтау саласындағы автокөлік жүргізушілерінің қызметіне төленетін төлем – 87 417 теңге.

Сол мәліметтерден жүргізушілердің жалақысы жыл сайын өскенін байқауға болады: 2018 жылы – 78 848 теңге, 2017 жылы – 77 477 теңге, 2016 жылы – 73 343 теңге, ал 2015 жылы – 67 527 теңге.

Қазақстандағы жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы

Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы • Медет Есімханов

Біліктілігі жоқ жұмысшылар арасында: 2018 жылы – 67 151 теңге, 2017 жылы – 61 796 теңге, 2016 – 60 620 теңге, ал 2015 жылы – 54 690 теңге.

Қазақстанда біліктілігі жоқ жұмысшылар жалақысы

Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы • Медет Есімханов

Дегенмен бұл цифрлар жағдайды нақты көрсетпейді, өйткені жалақы әр аймақта әртүрлі. Мысалы, ең төменгі жалақы Түркістан облысында, онда біліктілігі жоқ жұмысшылар 61 616 теңге алады, Жамбыл облысында – 66 837 теңге, ал Солтүстік Қазақстан облысында – 69 561 теңге.

Аймақтардағы жүргізушілер жалақысы бойынша нақты айырмашылықты анықтау қиынырақ, өйткені олар «өндірістік жабдықтар операторлары, құрастырушылар мен жүргізушілермен» бірге бір категорияға біріктірілген. Соған қарамастан, осы санаттағы ең төменгі жалақы Алматыда – 131 774 теңге, Солтүстік Қазақстан облысында – 139 516 теңге, ал Шымкентте – 141 107 теңге.

Жедел жәрдем жүргізушілері 2019 жылдың соңынан бері сол кездегі денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың уәдесіне сүйене отырып, жалақыны көтеруді талап етіп келеді. Дәл осы сұрақ 2020 жылы да көтерілген еді. Ол кезде жедел жәрдем жүргізушілері жалақысы 80 мың теңгені екенін айтқан. 2021 жылдың ақпанында жедел жәрдем жүргізушілері мен тәртіп сақшылары жалақыны көбейту туралы ресми талап қойды. Сол кезде олар жалақы деңгейі жұмыс істейтін сағат санына байланысты екенін айтты. Сондықтан бірінші айда 82 мың теңге, екінші айда 70 мың теңге тауып жатады.

Объектив мәлімет алу үшін Қазақстандағы электрон еңбек биржасын да қарап шығуға болады. Ондағы хабарландырулар бойынша, жедел жәрдем жүргізушісінің жалақысы аймаққа байланысты 60 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін болуы мүмкін. Ал білім саласындағы техникалық қызметкерлерге, бар болғаны, 42 500 теңгеден 50 000 теңгеге дейінгі жалақы  ұсынылады.

Factcheck.kz