Фактчек | Qazaqstan: Қазақстан мен Ресейде жұмыссыздар саны өскен

13 қазан Қазақстан ұлттық арнасы “ЕАЭО елдерінің ішінде тек Қазақстан мен Ресейде ғана жұмыссыздар саны өскені” туралы хабарлады. Ақпаратттың қаншалықты шындыққа сай екенін тексеріп көрейік.

ЕАЭО елдерінің ішінде тек Қазақстан мен Ресейде ғана жұмыссыздар саны өскен.

Qazaqstan телеарнасы

Үкім: Манипуляция

Еуразиялық Экономикалық комиссияның мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар мен тамыз аралығында Қазақстан, Ресей және Қырғызстанда ресми тіркелген жұмыссыздар саны өскен. Ал Армения мен Беларусьте осы уақыт аралығында шынымен-ақ ресми тіркелген жұмыс іздеушілер саны аз болған. Телеарнада неліктен екені белгісіз, Қырғызстанға акцент бермеді.

Фактчек | Qazaqstan: Қазақстан мен Ресейде жұмыссыздар саны өскен
Фактчек | Qazaqstan: Қазақстан мен Ресейде жұмыссыздар саны өскен
Дереккөз: ЕАЭО

Еуразиялық одақтағы статистика департаментінің мәліметінше, елде (Қазақстанда) экономикалық белсенді халықтың 2,4% жұмыс іздеп жүр. Осылайша көрсеткіш бір жылда 24,7% өсіп отыр.

Qazaqstan телеарнасы

Үкім: Үкім жоқ

Репортаж барысында нақты қай уақыт аралағындағы жұмыссыздық деңгейі екені айтылмаған. ҚР Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың I тоқсанында – 1290 адам, ІІ тоқсанында – 1821 адам, ІІІ тоқсанында – 2797 адам жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан. Жыл басынан бері жұмыс іздеушілер санының расымен артқанын көре аламыз.

2020 жылғы II тоқсанда үй шаруашылығының қорытындысы бойынша 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 9,2 млн. адамды құраса, ел экономикасында 8,7 млн. адам жұмыспен қамтылды. Жұмыссыздар саны – 454 мың, жұмыссыздық деңгейі 5% болды.

Фактчек | Qazaqstan: Қазақстан мен Ресейде жұмыссыздар саны өскен

2019 жылдың ІІ тоқсаны жұмыссыздық деңгейі – 4,8 пайыз болса, 2020 жылдың ІІ тоқсанында 5 пайызға өскен.

…Ресейде де екі қолға бір күрек таппай жүргендер көп. Көрші елде жұмыс іздегендердің саны биыл 5 есе көбейіп, 3,6 млн-нан асқан.

Qazaqstan телеарнасы

Үкім: Манипуляция

Ресей Федерациясының статистика комиететінің дерегінше, 2019 жылы тамызда елдегі жұмыссыздар саны – 3,3 млн болған. Ал 2020 жылы тамызда бұл көрсеткіш – 4,8 млнға жеткен. Көрші елдегі жұмыссыздар саны былтырғы жылға қарағанда 1, 45 есеге өскен. Алайда, жыл аяқталмастан өткен жылғы дерекпен салыстыру дұрыс емес.

Фактчек | Qazaqstan: Қазақстан мен Ресейде жұмыссыздар саны өскен
РФ Статистика комитеті

Бұл туралы РФ Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Антон Котяков да хабарлаған болатын:

«Бүгінде еңбек нарығындағы ахуал өте күрделі күйінде қалып отыр. Наурыздан бүгінгі күнге дейін жұмыссыздар саны 3,5 миллионнан 4,8 миллионға дейін өсті», – деді.

…Ал тамыздың қорытындысымен есептесек, Қырғызстан, Беларусь, Арменияда керісінше ресми тіркелген жұмыссыздар саны біраз азайған.  

Qazaqstan телеарнасы

Мәлімдедегі әр елді жеке-жеке қарастырайық…

Тамыздың қорытындысымен есептесек, Қырғызстанда ресми тіркелген жұмыссыздар саны азайған

Qazaqstan телеарнасы

Үкім: Жалған

Еуразиялық Экономикалық комиссияның мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар мен тамыз аралығында Қырғызстанда ресми тіркелген жұмыссыздар саны көбейген. Қаңтарда – 76,1 мың болса, тамызда – 78,6 мың болған.

Бір қызығы, Қырғызстандағы жұмыссыздар саны бойынша соңғы статистикалық динамиканы таптық. Алайда ол жерде тамыз айының ғана мәліметі көрсетілмеген. 2020 жылы қаңтарда жұмыссыздар саны 3,2 пайыз болса, осы жылы бұл көрсеткіш маусым және қыркүйекте 3.1 пайызға азайған.

Беларусьта ресми тіркелген жұмыссыздар саны азайған

Qazaqstan телеарнасы

Үкім: Шындық

Беларусь республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылдың қаңтар-маусым айлары аралағында елдегі жұмыссыздар саны жыл басынан бері, шынымен-ақ, азайған.

Фактчек | Qazaqstan: Қазақстан мен Ресейде жұмыссыздар саны өскен
Беларусь Республикасының статистика комитеті

Арменияда ресми тіркелген жұмыссыздар саны азайған

Qazaqstan телеарнасы

Үкім: Шындық, бірақ…

Армения Республикасының статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтарда ресми тіркелген жұмыссыздар саны 62 004 адам болған, тамызда бұл көрсеткіш 60 057 адамға азайған.

Фактчек | Qazaqstan: Қазақстан мен Ресейде жұмыссыздар саны өскен

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz