Фактчек | Моңғолия азаматтары елдің байлығынан дивидендтер ала бастады

Әлеуметтік желі қолданушылары “Моңғолия азаматтары ел байлығынан дивидендтер ала бастағаны туралы” хабарламаны бөлісіп жатыр. Сонымен бірге, биліктің халыққа Erdenes Mongol ұлттық компаниясынан 1072 акциясынан бергені айтылған. Оқырмандардың өтініші бойынша бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын анықтап көрдік.

Моңғолия таң қалдырудан шаршамайды! Өткен жылы Моңғолия азаматтары елдің байлығынан дивидендтер ала бастады. Бұған дейін Үкімет әрбір азаматқа Erdenes Mongol ұлттық компаниясының 1072 акциясын берген болатын. Әрбір азамат 96 480 тугрик (15 мың теңге) алды. Пайда өскен сайын дивиденд мөлшері де артады.

Үкім: Шындық

Шынында да, Montsame.gov.mn сайтының дерегінше, былтыр 28 тамызда мемлекеттік «Эрдэнес Тавантолгой» компаниясының акционерлеріне, азаматтардың есепшотына дивидендтерді аудару басталды. Мемлекеттік «Эрдэнес-Тавантолгой» компаниясының мәліметтері бойынша, 85 пайызы мемлекетке, ал қалған бөлігі заңды және жеке тұлғаларға тиесілі. «Эрдэнес-Тавантолгой» 2019 жылға дивидендтердің 14,8 пайызын жеке тұлғалардың есепшотына аударған. Бастапқыда 1072 акция 857 491 жеке тұлғаның шоттарына аударылды.

1072 акцияның бағасы 90 тугрикке бағаланды және салық заңнамасына сәйкес 10 пайыз салық алынды. Бір акцияның бағасы 81 тугрикке бағаланды. 1072 акция алған азаматтар 86 832 тугрик (шамамен 12 712 теңге) мөлшерінде дивиденд алды. “Эрденес-Таван Толгой” акционерлерінің саны 2 512 768 құрайды. 2019 жылы екі миллион азаматқа 179 миллиард 830 миллион тугрик дивиденд ретінде таратылды.

Өткен жылдың соңында Моңғолияда тұрғын үй немесе үйдің ауданы 100 шаршы метрден аспайтын барлық азаматтар үшін электр энергиясы, жылу энергиясы, сумен жабдықтау және қоқыс шығару үшін барлық шоттарды төлеуден босату туралы норма енгізілді.

Үкім: Шындық және Манипуляция

2020 жылы 13 желтоқсанда Моңғолия Үкіметі кезектен тыс отырыс өткізіп, елдің сол кездегі премьер-министрі У.Хурэлсух мәлімдеме жасады. Үкімет пандемия кезінде — 2020 жылдың 1 желтоқсанынан 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін 100 шаршы метрден аспайтын үйлердің электр, су, жылу және қоқыс шығару шығындарын төлейді. Яғни, пандемия біткен соң бұл шара жалғасатыны белгісіз. Әзірше, тек 1 шілдеге дейін екені белгілі.

Келесі аптада Моңғолия халқын әлемдегі ең үздік Pfizer және AstraZeneca вакциналарымен вакцинациялау басталады.

Үкім: Манипуляция және Шындық

Неліктен манипуляция? Вакцинация туралы Денсаулық сақтау министрі С.Энхболд 15 ақпанда баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, қазіргі уақытта билік вакциналардың төрт түрін импорттау туралы келіссөздер жүргізуде. Бірінші Моңғолия Pfizer және AstraZeneca вакциналарын алады. Алайда ең үздік вакциналар жайлы айту дұрыс емес. Тек Pfizer вакцинасының технологиясы заманауи екенін айта аламыз.

Неліктен шындық? Шынында да, 22 ақпанда ұлттық әуе тасымалдаушысы МИАТ Үндістан үкіметі сыйға тартқан “AstraZeneca” вакцинасының 150 000 дозасын Моңғолияға жеткізді. Үндістанның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі М. П. Сингх вакцинаны Моңғолияның вице-премьері С.Амарсайханға тапсырды.

Үндістаннан вакцина әкелгеннен кейін, 23 ақпанда Премьер-Министр Л.Оюун-Эрдэнэ елде бірінші болып “AstraZeneca” вакцинасын салдарды. “Монцамэ” агенттігінің мәліметінше, осы шара барысында 16-18 жастан бастап барлық азаматтар коронавирусқа қарсы вакцина салдырады. Балаларды вакцинациялау әлі қарастырылмаған, өйткені бұл жұмыс зерттеу кезеңінде. Моңғолия биыл шілдеге дейін 2 миллионға жуық ересек азаматқа вакцина салдыруды жоспарлап отыр. Бірінші кезекте вакцинаны COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары деңгейде жұмыс істейтін қызметшілер салдырады.

Балалар жәрдемақысы 100 мың тугрикке дейін көтерілді (шамамен 15 мың тг.)

Үкім: Шындық

Бұл шара пандемия кезінде жүзеге асып жатыр. Былтыр 6 мамырда Моңғолия билігі коронавирус пандемиясы кезінде балаларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және халықтың осал топтарына қаржылай қолдау көрсету туралы екі қаулы бекітті.

Сол кездегі Премьер У. Хурэлсух 1 сәуір мен 1 қазан аралығында 18 жасқа дейінгі барлық балаға ай сайын 100 мың тугрик (шамамен 14 600 теңге) мөлшерінде жәрдемақы берілетінін атап өтті. Жалпы жәрдемақыға бюджеттен 547 млрд.тугриков бөлінді. Үкімет бұл ақшаны 2016 жылдан бастап бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру есебінен үнемдеген.

Бір ай бұрын Моңғолияның Премьер-Министрі коронавирус жұқтырған босанған әйелді жылы киімсіз тасымалдау жағдайына байланысты қызметінен босатылды.

Үкім: Манипуляция

Монцаме агенттігінің хабарлауынша, биыл 21 қаңтарда Моңғолияның Премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух COVID-19 жұқтырып босанған әйелді жылы киімсіз тасымалдауға байланысты басталған наразылықтардан кейін отставкаға кететінін жариялады.

Расымен бұл жағдай коронавирус жұқтырған әйелдің жанжалынан кейін орын алған. Оны және енді туылған баласын суық кезде бір ауруханадан екінші ауруханаға жылы киімсіз ауыстырған. Сurrenttime.tv дерегінше, 20 қаңтарда Моңғолияның көптеген тұрғындары босанған әйелге мұндай қарым-қатынасты “этикаға сай емес және адамгершілікке жатпайтын” деп Ұлан-Батырдың орталық алаңына наразылық білдірді. Митинг сегіз сағатқа созылды.

Бұл ғана емес! Коронавирус дағдарысы ұзаққа созылуына байланысты Моңғолия президентінің бастамасы бойынша әр отбасына миллион тугрик бөлу туралы қаулы қабылданды (Шамамен 150 мың теңге).

Үкім: Үкім жоқ

Бастапқыда үкімет Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулгтың әр отбасына 1 миллион тугрик бөлу туралы ұсынысын мақұлдаған жоқ. Бірақ 8 қаңтарда президент Парламентке оффшорлық шоттардан алынған қаражаттан әр отбасына миллион тугрик көлемінде қаржылай қолдау көрсету туралы жаңа қаулы жобасын ұсынды.

Президент Х. Баттулга “әр отбасына бір миллион тугрик” деп аталатын қаржылық қолдау шаралары мен саясатын жүзеге асыру үшін “коронавирус пандемиясынан туындаған өмір сүру жағдайының нашарлауы мен әлеуметтік-экономикалық қиындықтарды жеңудің арнайы шаралары туралы” қаулысының жобасын әзірлеп, парламент спикері Г. Занданшатарға ұсынды.

Қаулы жобасында әр отбасына бір миллион тугрикті ерекше шарттармен беру туралы айтылған: қолма-қол ақшамен 200 000 тугрик(шамамен 29 235 теңге), алкоголь мен темекіні қоспағанда, тек отандық өндірушілерден қажетті өнімдерді сатып алуға арналған ваучер түріндегі 800 000 тугрик (шамамен 116 943 теңге).

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz