Фактчек | Қазақстандағы өрт туралы

24 қаңтардағы Мәжілістің пленарлы отырысында депутат Фахриддин Қаратаев Қазақстандағы жалпы өрт жайлы статистикалық деректер келтірген болатын. Соңғы оқиғаларға байланысты өрт шынымен де қауіпті мәселеге айналып барады. Қазақстанда жылына қанша өрт жағдайы тіркеледі, бірге тексеріп көрейік.

Мәлімдеме: 2020 жылдың 9 айында елімізде 9 мыңнан астам өрт болды

Фахриддин Қаратаев

Үкім: Жалған және манипуляция

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 2020 жылдың 9 айында 5825 өрт жағдайы тіркелді. Ал, жалпы 2020 жылы 8871 өрт болған.

Мәлімдеме: 2020 жылдың 9 айында болған өрт салдарынан 228 адам қаза тапты, 217 адам жарақат алды

Фахриддин Қаратаев

Үкім: Жартылай шындық

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, 2020 жылдың 9 айында болған өрт салдарынан 209 адам қаза тауып, 177 адам жарақат алды. Ал, жалпы 2020 жылы 354 адам қаза тапса, 287 адам жарақат алған.

Қазақстанда соңғы 5 жылдың статистикасы бойынша 2020 жылы өрт саны ең аз тіркелген жыл.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz