Фактчек | Депутат Саиров Қазақстандағы суицид туралы

27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезекті жалпы отырысында «Нұр Отан» партиясы депутаты Ерлан Саиров сауалында Қазақстандағы суицид мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, әлем елдері арасында Қазақстан суицид бойынша алдыңғы орында.

Ресми мәлімет бойынша, 2020 жылы 3526 суицид тіркелген. Оның 144-і – жасөспірім. Сонымен қатар, бір жыл ішінде суицидке талпынған 4855 жағдай тіркелді.

Е. Саиров

Төменде депутат келтірген цифрларды тексеріп, Қазақстанның әлемдегі (анти) рейтингі туралы әңгімелейміз.

Үкім: Шындық (әдістемелік түсіндірмелермен бірге)

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәліметі бойынша, 2020 жылы 3515 суицид оқиғасы тіркелген. Оның 143-і – жасөспірімдер. Сол жылы өзіне-өзі қол жұмсауға талпынған 4849  оқиға тіркелді. Оның 306-ын жасөспірімдер жасаған (құжатты жүктеу сілтемесі).

Әлемдік антирейтингіге қарсы Қазақстанның «алдыңғы орны» туралы айтатын болсақ, қолда бар ақпарат бойынша, онда шынымен де елдегі суицидтен болған өлім әлемдегі ең жоғары деңгейдің бірі болып отыр. Бірақ дәл осы ақпаратты жинау кейбір проблемамен қатар жүреді, әрі қарай солар туралы айтамыз.

Толығырақ…

Кез келген рейтинг ондағы мәліметтер нақты болса ғана жақсы. Суицид туралы деректерді жинау проблемасы барлық мемлекетте оны сапалы деңгейде жасамауында. Мәселе тек жауапты органдардың жұмысында ғана емес, сонымен қатар әртүрлі қоғамдастықтың мәдени ерекшелігінде. Суицид тақырыбына кей елде тыйым салынған, онда суицид туралы айтылмайды немесе әдейі істелінбеген жарақат ретінде тіркеледі. Кейбір елдегі ақпарат мүлдем жоқ. Осының бәріне байланысты әлемдегі өзін-өзі өлтіру саны туралы мәліметтер төмен бағалануы мүмкін деп болжанады.

Сондықтан Қазақстандағы суицид статистикасы туралы айтқанда біз тек тіркелген жағдайлар туралы айтамыз. Нақты сандар басқаша болуы мүмкін.

Сол себепті әртүрлі елдегі суицидтен болатын өлімді салыстырған кезде абай болу керек.

Соған қарамастан, халықаралық ұйымдар, ДДСҰ және ғылыми-зерттеу институттары әлемдегі суицид проблемасы туралы аз да болсын білу үшін қолда бар деректерді жинап жатыр.

Мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайынғы есебінде «Дүниежүзілік денсаулық сақтау статистикасы» ұйымға қатысушы елдердегі суицидтен қайтыс болғандар туралы мәліметтер бар. Сонымен бірге, құрастырушылар есептеулерде салыстырмалы бағалаулар қолданылатынын ескертеді, оларда әсіресе бастапқы шикізаттың қол жетімдігі мен сапасы шектеулі елдердегі мәлімет туралы айтарлықтай белгісіздік бар.

Есептегі сандарды пайдаланып (олар 2016 жылғы мәліметтерге негізделген) денсаулық сақтау зерттеушісі Джон Элфлайн суицид деңгейі жоғары 20 ел тізімін жасады.

Фактчек | Депутат Саиров Қазақстандағы суицид туралы
2016 жылы суицид деңгейі ең жоғары 20 ел (100 мың тұрғынға шаққанда) (Дереккөз: statista.com)

Көріп отырғаныңыздай, осы тізім бойынша, Қазақстан 2016 жылы суицидтен болған өлім-жітім бойынша әлемде 7-орында тұр. Дегенмен деректердің нақты емес екенін ескере отырып, бұл рейтингіні мұқият түсіндіру керек екенін еске салайық.

Сондай-ақ, ДДСҰ есебінде 90 мың адамнан аспайтын халқы бар елдер есепке алынбағанын ескеру қажет. Әйтпесе, бірінші кезекте Гренландия болуы мүмкін еді.

Суицидтен қайтыс болғандар туралы кейінгі мәліметті Вашингтон университетіндегі Денсаулық сақтау көрсеткіші және бағалау институтының «Аурулардың ғаламдық ауыртпалықтары» жобасы аясында алуға болады. Көрсеткіштер ДДСҰ ұсынған көрсеткіштерден біршама өзгеше болуы мүмкін, бұл әдістеме айырмашылығына байланысты болуы мүмкін. Деректер базасында басқа аурулардан болатын өлім туралы көптеген ақпарат табылады, сондай-ақ елдер көрсеткішін салыстыруға болады.

Фактчек | Депутат Саиров Қазақстандағы суицид туралы

1990-2019 жылдар аралығында Орталық Азия мен Ресейде өзіне-өзі зиян келтіруден болатын өлім (100 мың тұрғынға шаққанда) (Дереккөзі: Institute for Health Metric and Evaluation)

Мысал үшін кейінгі 29 жыл ішіндегі Орталық Азия мен Ресей елдеріндегі өзіне-өзі зиян келтіруден болатын өлімді (негізінен өзін-өзі өлтіру саналады) салыстырдық. График көрсеткендей, Қазақстанда суицидтен болатын өлім-жітім 2000-жылдардың ортасымен салыстырғанда едәуір азайғанымен, әлі де жоғары деңгейде – оңтүстік көршілеріміздің көрсеткіштерінен едәуір жоғары және Ресеймен бірдей деңгейде.

Сол құралды қолдана отырып, 204 ел мен аумақ көрсеткішін салыстыратын болсақ, онда Қазақстан 2019 жылы суицидтен болатын өлім-жітім бойынша әлемде 13-орында тұр. Тағы да айта кетейік, бұл деректерде дәлсіздіктер болуы мүмкін екенін ескереміз және біз болжалды мәліметті көріп отырмыз.

Сайып келгенде, кез келген ел орны проблема ауқымын түсіну сияқты маңызды емес. Дәл осы үшін деректер жиналады.

Контекст

  • Жыл сайын әлемде 800 мыңға жуық адам суицидтен қайтыс болады – бұл кісі өлтіру өлімінен екі есе көп.
  • Суицид – жастар өлім-жітімінің негізгі себептерінің бірі.

Фактчекер, главный редактор русскоязычной версии Factcheck.kz

Factcheck.kz