Фактчек | Депутат Мұрат Бақтиярұлы жастар туралы

2019 жылы 27 қаңтарда ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы КТК арнасына сұқбат берген болатын. Әңгіме барысында депутат бірнеше деректі тілге тиек етті. Айтылған мәлімдемелер сол уақытта қаншалықты рас не өтірік болғанын Factcheck.kz тексеріп көрді. Ендеше, кеттік…

Халықтың төрт миллионға жуығы – жастар

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Үкім: Шындық

Депутат мәлімдемені қаңтар айында жасағандықтан 2018 жылғы деректермен тексерілді. Статистика комитетінің ақпаратынша, 14-28 жас аралығындағы жастар саны — 3 900 834. Яғни, депутат мәлімдемесінінің шындыққа жанасатынын байқауға болады.

Ал 2019 жылдың мәліметін статистика комитеті хат арқылы жолдаған болатын. Еліміздегі жастар саны — 3 830 526. Өткен жылмен салыстырғанда 1.8 пайызға азайған.

Фактчек | Депутат Мұрат Бақтиярұлы жастар туралы
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректері

Жастардың бір жарым миллионы  ауылда тұрады

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Үкім: Жартылай шындық

2018 жылдың ресми дерегінше, ауылда — 1 696 001, ал қалада — 2 204 833 жас болған.

2019 жылдың алғашқы 9 айындағы дерек бойынша, ауылда — 1 654 608 болса, қалада — 2 175 918 жас бар екені көрсетілген.

Фактчек | Депутат Мұрат Бақтиярұлы жастар туралы
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректері

Тәуелсіздік жылдарында 2 жарым миллионға жуық азамат ЖОО-нын бітірді

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Үкім: Жартылай шындық

Статистика комитетінің бізге берген жауабы бойынша, 1991 – 2018 жылдары барлық ЖОО-ны бітірген студенттер саны – 3 146 142. Яғни, депутат айтқан мәлімдемеден әлдеқайда көп.

2019 жылы ЖОО бітірген студенттер жайлы мәлімет 13 – желтоқсанда жарияланады.

127 оқу орнында 500 мыңға жуық азамат жұмыс жасайды

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Үкім: Жалған және манипуляция

Ресми дерек бойынша, елімізде дәл қазіргі уақытта 124 ЖОО бар. Ал жоғары білім беру орындарында жұмыс жасайтын азаматтар саны – 86,9 мың екені көрсетілген.

Фактчек | Депутат Мұрат Бақтиярұлы жастар туралы
Қазақстандағы ЖОО, Статистика комитетінің деректері

Контекст

ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңының» 1-тарау, 1-бабы бойынша: «Жастар — Қазақстан Республикасының 14 жастан 29 жасқа дейінгі азаматтары» деп көрсетілген.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz