Фактчек | Балаларға қарағанда түрмеде отырғандарға 5 есе көп қаржы бөлінеді

3 наурыз Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айжан Сқақова балалардың жәрдемақысы 16,8 мың теңге, ал сотталалғандарды ұстауға 88,5 мың теңге жұмсалатынын айтып дабыл қақты. “Еліміз үшін кімнің құны жоғары? Болашақта дәрігер, мұғалім болатын сәбилер ме, әлде ұрлық жасаған, адам зорлған немесе пара алып сотталған шенеунік пе?” деді депутат. Аталған мәлімдемені тексеріп көретін боламыз.

Жұмыс істемейтін әйелдерге бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы мөлшері бірінші балаға 5,76 АЕК (16 801,92 теңге) мөлшерінде төртінші және одан да көп балаларға 8,90 АЕК (25 962 теңге) мөлшерінде белгіленді. Бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақының мөлшері 16 801,92 теңгені құрайды.

Айжан Сқақова, депутат

Үкім: Шындық

ҚР Мемлекеттік қызметтер мен онлайн ақпарат сайтындағы ресми дерек бойынша, жұмыс істемейтін әйелдер мен ерлерге төленетін баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша ай сайын бірінші балаға 5,76 АЕК (16 8016 92 теңге), ал төртінші балаға 8,9 АЕК (25 962 теңге) көлемінде жәрдемақы төленеді. 2021 жылы АЕК көлемі 2917 теңге. Олай болса, депутат айтқан мәлімдеме ресми дерекпен сәйкес.

Жұмыс істемейтін әйелдерге бала күтімі үшін ай сайынғы жәрдемақы мөлшері екінші балаға – 6,81 АЕК (19 865 теңге), үшінші балаға – 7,85 АЕК (22 898 теңге) тағайындалған.

Ал түрмеде отырған бір сотталушыға айына 88,5 мың теңге жұмсалады.

Айжан Сқақова, депутат

Үкім: Манипуляция

Аталған мәлімдеме бойынша ҚР Ішкі Істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сауал жолдаған болатынбыз. Нәтижесінде ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын бір адамға орташа есеппен айына 44 мың теңге бөлінетінін хабарлады. Депутат айтқандай 88 мың теңге емес. Көрсетілген қаржы бірінші балаға берілетін ақшадан 2 есе көп.

Атап айтқанда бұл қаражатқа азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық қызметтер, киім-кешек, төсек орын жабдықтары, сабын-жуу гигеналық құралдар, коммуналдық қызметтер, сотталғандарды т/ж көлігімен этаппен алып жүру, босатылғандардың жол жүруі және басқа да қызметтер кіреді.

Сондай-ақ Қылмыстық Атқару комитеті бұл шығындардың соңғы 5 жылда 20 мың теңгеге көбейгенін айтты. 2017 жылы бір сотталушыға 20 мың теңге жұмсалған.

Контект

  • ҚР Ішкі Істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, дәл қазіргі уақытта ҚАЖ мекемелерінде 32 мыңға жуық сотталушы (сотталғандар мен тергеу-қамауындағылар) бар.
  • 2017 жылы – 36 мыңнан аса, 2018 жылы – 35 мыңнан аса, 2019 жылы – 31 мыңнан аса, 2020 жылы – 29 мыңнан аса сотталушы болған.
  • Қазіргі таңда елімізде барлығы 80 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі бар. Оның 16-сы тергеу изоляторлары.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz