Facebook коронавирустың қолдан жасалғаны туралы посттарды өшіруден бас тартты

Бұдан былай Facebook компаниясы Covid-19-дың қолдан жасалғаны туралы посттарды өшірмейді. Бұл туралы Politico хабарлады.

Wall Street Journal жариялаған мақаладан соң Вашингтон коронавирустың қайдан шыққанын анықтау туралы шешім қабылдаған. Facebook компаниясының коронавирустың қолдан жасалғаны туралы посттарды өшірмеуіне Вашингтонның зерттеуі түрткі болды.

Wall Street Journal материалында 2019 жылдың соңында Уханьдағы вирусология институтының үш ғалымы ковид симптомдарына ұқсас аурумен ауруханаға жатқызылғаны туралы жазылған. Бұған дейін «вирустың Ухань зертханасынан таралды» деген пікір «қастандық теориясы» деп бағаланған.

Контекст

26 мамырда АҚШ президенті Джо Байден барлау қызметіне коронавирустың қалай пайда болғанын 90 күннің ішінде анықтауға бұйрық берді.

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz