Еуропарламент Қазақстандағы жағдайды талқылап, қарар ұсынды

Еуропарламенттің бір топ депутаты Қазақстандағы қаңтар оқиғасы бойынша қарар ұсынып, талқы өткізді. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Құжат авторлары Тоқаевтың “ескертусіз оқ ату” туралы бұйрығын, адамдардың “жосықсыз ұсталып”, “азапталып жатқанын” айыптап, жауапты шенеуніктерге санкция салуды ұсынды.

Депуттар арасында оқиғаға байыппен қарап, асығыс шешім қабылдамауға шақырғандар да болды. Қарар жобасына дауыс беруге бүгінге, 20 қаңтарға белгіленген.

Қарар жобасында қаңтар қалай өрбігені сипатталып, 27 тармақтан тұратын мәлімдеме жасалған.

Оның ішінде құқық қорғау ұйымдарды саяси себеппен қудамалау, адамдардың бейбіт жиналуына кедергі келтірмеу, жосықсыз ұстау мен азаптауды доғару, адам құқығына қарсы қылмыстарға жауаптыларға жеке санкция салу секілді талаптар бар.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz