Еуропаның Адам құқығы жөніндегі соты балаларды вакцинациялауды қолдады

Еуропаның Адам құқығы жөніндегі соты демократиялық нормаларға сәйкес балаларға вакцинация міндетті түрде салыну керек деген шешім шығарды. Бұл шешім чехиялық ата-аналар мектеп жасына дейінгі балаларға міндетті вакцинация туралы заңмен келіспеген сот ісі бойынша шығарылды. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Еуропалық сотқа жүгінген Чехия тұрғындары арасында: балаларын вакцинациялаудан бас тартқаны үшін айыппұл төлегендер, баласында міндетті екпе болмауына байланысты балабақшаға қабылданбаған адамдар бар.

Бұл мәжбүрлі түрде вакцинациялау мәселесі бойынша Еуропалық соттың алғашқы шешімі. BBC сайтының жазуынша, қазіргі уақытта әлемнің көптеген елінде балаға екпе салуға қарсы күресіп жатқан ата-аналар бар.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz