Елордада бірнеше журналист декрет төлемін талап етіп митиңге шықты

27 желтоқсанда елордада бірнеше қазақстандық медиа қызметкері Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ғимаратына жиналды. Олар 2020 жылы салықтың жеңілдеуіне байланысты алмаған декрет төлемін толықтай беруді талап етті. Бұл туралы Vlast.kz сайты хабарлады.

Пандемияға байланысты заңды тұлғаларға БЖЗҚ-ға (Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) ақша аудармауға рұқсат етілген. Нәтижесінде, банк ақпараттық жүйедегі олқылыққа байланысты локдаун кезінде медиа қызметкерлері жұмыс істемеді деп есептеген. Тамыз айындағы бірқатар хабарламадан кейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да реакция білдірген.

Балаева министрліктің қыркүйек айында декреттік жәрдемақы туралы заңнамаға жаңа түзетулерді талқылауды жоспарлап отырғанын айтты. Сонымен қатар, жыл соңына дейін жәрдемақы мәселесін шешуге уәде берген. Алайда 21 желтоқсанда декреттік төлем мәселесін шешу 2022 жылға шегерілгенін айтты.

“Біз қолдан келмейтін нәрсені талап етіп отырғанымыз жоқ. Тек бізге тиесілі ақшаны төлеуді сұраймыз. Біз пандемия кезінде уақытымызды бөліп, аянбай еңбек еттік. Жарайды, мені және баламды қамтамасыз етіп отырған күйеуім бар. Бірақ балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған журналистердің жағдайы не болмақ? Енді не істейді? Әрине, олар, қысқартылған жәрдемақыға келісті. Айырмашылық 300-400 мың теңгені құрайды”, – деді журналист Айша Жданова.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпарат комитетінің басшысы Қаныбек Жұмашев бұл мәселені 2022 жылдың бірінші тоқсанының соңында шешуге уәде берген. Оның айтуынша, заңнамаға енгізетін түзетулер дайын, алайды оны бекіту процесі ұзаққа созылуы мүмкін.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz