Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының иелері анықталды

2021 жылы Дэвид Кард, Джошуа Ангрист және Гвидо Имбенс экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Бұл туралы Нобель комитетінің ресми сайтында хабарланды.

Нобель комитетінің хабарламасына сәйкес, Дэвид Кард “еңбек экономикасына эмпирикалық қосқан үлесі үшін” лауреат атанды. Ал Ангрист және Имбенс “себеп-салдар байланысын талдап, әдіснама бойынша үлес қосқаны үшін” марапатталды.

Былтыр америкалық ғалымдар Пол Милгром мен Роберт Уилсон “аукцион теориясын жетілдіріп, жаңа аукцион форматын ойлап тапқаны үшін” экономика саласы бойынша Нобель сыйлығын алған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz