Дүниежүзілік банк Түркістан облысын бизнес жүргізу үшін ең қолайлы өңір деп танығаны рас па?

13 қаңтарда Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Дүниежүзілік банктің Doing Business (Кәсіпкерлікті жүргізу) баяндамасына сәйкес Түркістан облысы Қазақстандағы кәсіпкерлікті жүргізудің көшбасшысы деп танылғанын хабарлады.

«Облыс әкімі Өмірзақ Шүкеевтің тапсырмасына сай аймақтың бизнес-ахуалын жақсарту мақсатында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр және облысымыздың көрсеткіштері жоғары. Бұл отандық өнім өндіріп, жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отырған әр кәсіпкердің еңбегі екенін айта кеткен жөн. Біздің аймақтар арасында үздік деп танылғанымыз әрқайсымызды ынталандырады және біз бұдан де биік белестерді бағындыра аламыз», –

деп пікір білдірді облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.

Жаңалық БАҚ-та тарап кетті

TAMEKEN BUSINESS (@atameken.business) материалы

Factcheck.kz ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрмек

Үкім: Жалған

Түркістан облысы әкімдігі нақты қандай рейтингті негізге алғаны белгісіз, бірақ қазіргі уақытта Doing Business-тің 2019 жылы ең кейінгі жарияланған субұлттық есебінде бұл аймақтың аты да аталмайды, себебі Түркістан облысы 2019 жылдың ортасында құрылды. Бизнес үшін ең қолайлы өңір – Алматы қаласы, одан кейінгі орындарда Маңғыстау облысы мен Ақтөбе облысы тұр.

Толығырақ

Әуелі түсіндіре кетейік, әңгіме елдердің рейтингі ұсынылатын Doing Business-тің негізгі баяндамасы туралы болып отырған жоқ. Одан бөлек Дүниежүзілік банк жеке мемлекеттер ішінде кәсіпкерлікті жүргізудің оңай-қиын екенін талдайтын субұлттық рейтинг жасайды. Қазіргі күні Қазақстан бойынша 2017 және 2019 жылдарға арналған екі шолу жарияланды. 2020 жылдың жаңа мәліметі сайтта жоқ.

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында жекелеген субрейтингте елдің аймақтары бес фактор бойынша бағаланған: іскерлік ахуал, инфрақұрылым, кәсіпкерлікті жүргізу үшін қаржының жеткіліктілігі, адам капиталы және қабылданған шешімдердің ашықтығы. Нәтижесінде Түркістан облысы үздік аймақ боп танылған.

Мәселе мынада – Дүниежүзілік банктің субұлттық баяндамасында өңірлер басқа индикаторлар бойынша бағаланады: мекемелерді тіркеудің, құрылысқа рұқсат алу, электр желілеріне қосылу және жекеменшікті тіркеудің жеңілдігі.

Кәсіпкерлікті жүргізудің жеңілдігі бойынша Қазақстан өңірлерінің рейтингі (дереккөз: doingbusiness.org)

Біз болжамымыз бойынша, Түркістан облысы әкімдігінің қызметкерлері басқа баяндаманы негізге алған.

Іздеу арқылы біз 2019 жылғы жаңалықтарға тап болдық, онда Қазақстанда кәсіпкерлікті жүргізудің жеңілдігі бойынша аймақтар мен қалалардың рейтингі жасалатыны хабарланған. Сол жылы Ұлттық экономика министрлігі рейтингті құрастыру тәсілі жасалғанын айтқан. Олар атап өткен фактор Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеген бес факторға сай келіп тұр.

Түркістан облысы кәсіпкерлікті жүргізу үздігі деп жергілікті рейтингте танылған болуы да мүмкін. Бірақ мұндай мәліметті де біз таппадық. Рейтингтің тәсілін бекіту туралы бұйрықта зерттеу Ұлттық экономика министрлігі мен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ арасындағы келісімшарт негізінде жүргізілетіні жазылған. Институт сайтынан да осы тақырыпта ешқандай материал таппадық. Кілт сөздер бойынша іздеу, неге екені белгісіз, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының сайтында орналасқан pdf құжатты ғана тауып берді. Онда рейтингтің тәсілімен толығырақ танысуға болады.

Рейтингке қатысты жаңалық арасында ақпарат алаңында кездесті. Мәселен, 2018 жылдың желтоқсанында Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз орталығы «ҚР Президентінің қатысуымен Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындысы бойынша арнайы сыйлықпен салтанатты марапаттау рәсімін» өткізетінін хабарлады. Сол кезде Қызылорда облысы үздік деп танылған болатын. Арада екі жыл өтсе де бұл сыйлықты табыстау туралы басқа жаңалық жоқ.

Қорытынды

  • Түркістан облысы әкімдігі Дүниежүзілік банктің Doing business құжатына сілтеме жасап оқырмандарды шатастырып жіберген. Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, 2019 жылы алғашқы орында Алматы қаласы болған.
  • Дүниежүзілік банктің «2019 жылы Қазақстандағы кәсіпкерлікті жүргізу» құжатын орыс тілінде мына жерден көруге болады. Ағылшын тіліндегі толық баяндаманы сілтемеге өтіп қарай аласыз. Елдегі кәсіпкерлікті жүргізуге 12 критерий бойынша баға берілетін Қазақстанның толық экономикалық бейіні – мына жерде (ағылшын тілінде).

Анықтама: «Кәсіпкерлікті жүргізу» баяндамасы – Дүниежүзілік банк тобының жыл сайынғы зерттеуі. Ол 190 елдегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың жеңілдігіне 10 индикатор бойынша баға береді. Баяндама бүкіл өмір бойы шағын және орта кәсіпорындардың қызметін реттейтін нормативтік актілерді бағалауға және оларды практикада қолдану тәртібіне арналған. Толық ақпаратты сілтемеден көруге болады.

Медет Есимханов
Фактчекер, выпускник Онлайн-Академии фактчека (2020). Изучал международные отношения и государственную политику.