Дмитрий Муратов Нобель медалін 103,5 миллион долларға сатты

2021 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, “Новая газета” бас редакторы Дмитрий Муратов өзінің медалін аукционда 103,5 миллион долларға сатты. Бұл туралы америкалық “Heritage Auctions” сауда үйінің сайтына сілтеп, Deutsche Welle хабарлады.

“Heritage Auctions” дерегіне сәйкес, барлық қаражат украиналық босқын балалар мен олардың отбасына көмектесу үшін БҰҰ Балалар қорына (ЮНИСЕФ) жіберіледі.

Жаһандық медиа мәліметінше, бұл — Нобель сыйлығының тарихындағы ең қымбат бағаға сатылған медаль.

Сауда үйінің ақпаратына сай, аукцион “Дүниежүзілік босқындар күні” — 20 маусымда Нью-Йоркте өтті.

Контекст

  • 2021 жылы қазанда Филиппин азаматы Мария Ресса мен Дмитрий Муратовқа “демократия мен бейбітшілік шарты болып табылатын ой-пікір еркіндігін қорғауға күш салғаны үшін” Нобель сыйлығы берілген.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz