Demoscope: қазақстандықтардың 64%-ы коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдайды

Demoscope сауалнамаcына қатысқан азаматтардың 64%-ы коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдайды. Бұл туралы Demoscope қоғамдық пікірге жедел мониторинг жүргізу бюросы хабарлады.

Сауалнамаға қатысқан 23% қатысушы коронавирусқа қарсы вакцинаға қарсы 

DEMOSCOPE Қазақстан азаматтары арасында «Қазақстандықтардың коронавирусқа қарсы вакцинаға көзқарасы» тақырыбында сауалнама жүргізді. Оған 2021 жылы 27-30 сәуір аралығында 14 облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) тұратын, 18 жастан асқан 1100 адам қатысты. Қатысушылардың 53% -ы ер азаматтар, 47% -ы әйелдер. Зерттеуде Қазақстан бойынша стационарлық телефон нөмерлерінің абоненттік қоры пайдаланылды. Іріктеу ықтималдығы 95%, статистикалық көрсеткіш қателігінің шекті мөлшері 3%-дан аспайды.

Demoscope: қазақстандықтардың 64%-ы коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдайды

Сарапшылар Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцина салу қарқыны төмен дейді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше,  1,5 миллионға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін және 350 мың адам екінші компонентін алды. Бұл – вакцина салуға болатын халықтың 15%-ы.

Demoscope: қазақстандықтардың 64%-ы коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдайды


Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин: «Вакциналаудың осы қарқынын төмендетпей, оны тек өсіру керек. Ауыл тұрғындарына вакцина салуға ерекше назар аудару керек», -деді. Халық вакцинаның қауіпсіздігі мен сапасына көз жеткізсе, екпе салдыратын адам саны да артар еді. Себебі, вакцинация қарқынына едәуір әсер ететін негізгі фактор – халық сенімі.  

Demoscope: қазақстандықтардың 64%-ы коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдайды



DEMOSCOPE бюросы жүргізген сауалнама деректеріне сәйкес, пандемия басталғалы бері 34% азаматтың вакцинацияға көзқарасы жақсарған. 30% респондент иммунизацияны әрдайым қолдайтынын айтты. Барлығын қосқанда, сауалнамаға қатысқан азаматтардың 64%-ы коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдайды. 

Сонымен қатар, 23% респондент вакцинацияға қарсы.  Олардың  9%-ы пандемия басталғалы бері ойын өзгертті, ал 14%-ы жалпы екпе салдыруға қарсы. Соңғы сауалнама қорытындысы мен 2020 жылы қарашада жүргізген сауалнама  деректерін салыстырып көрдік. Ол кезде азаматтардың 14%-ы «орайы келсе, бірден екпе жасатамын» деп жауап берген болатын. Ал, 33%  барлық сынақтан өткен соң ғана вакцинаны жасатуды жоспарлаған болатын.  

Demoscope: қазақстандықтардың 64%-ы коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдайды

Вакцинаның қауіпсіздігін дәлелдейтін ғылыми деректер, сонымен қатар коронавирусқа қарсы вакцина салдырған жора-жолдастарының пікірі адамдардың вакцина туралы ойын жақсартқан тәрізді. 

Сауалнама қорытындысыны сүйенсек, қазақстандықтардың басым көпшілігі вакцинацияны қолдайды. Коронавирустан қорғанудың жалғыз жолы екпе жасату деп есептейтін респондент –59%.  23%  бейтарап пікірде, вакцинация жағдайды түбегейлі өзгертпейді дейді олар. Ал 12% вакцинация жағдайды ушықтырып жібереді ме деп алаңдайды. 

DEMOSCOPE зерттеуі көрсеткендей, ең алдымен, азаматтардың вакцина туралы дәлелді ақпаратқа қанық болуы және ақпараттық саясаттың нәтижесі  қоғамның коронавирусқа қарсы вакцинаға деген көзқарасынан көрініс табады. 

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz