Ауғанстанда 150-ден астам БАҚ жұмысын тоқтатты

Ауғанстанда тәліптер билікке келгелі журналистика саласына біраз қысым жасалды. Тәліптер билікті басып алғаннан кейін кем дегенде 153 БАҚ жұмысын тоқтатты. Бұл туралы ТАСС тілшісі хабарлады.

Сонымен қатар, шетелдік басылымдардың жергілікті бюросы да жабылды. Ел экономикасы дағдарысқа ұшырағасын біраз БАҚ қаржылай қиындыққа тап болып, толығымен онлайн форматқа көшті немесе жабылды.

«Мұндай жайтқа тәліптердің енгізген цензура саясаты да әсер етіп жатыр» — деді ТАСС тілшісіне аты аталмаған кейіпкер.

Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының хабарлауынша, «ислам құндылығын құрметтейтін» БАҚ жұмысына «кедергі келтірмейміз» деген уәдеге қарамастан, тәліптер журналистердің жұмыс істеуіне кедергі келтіріп жатыр.

Төлепберген Маликов
Төлепберген Маликов. Байқоңыр қаласында туған. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.