Аргентина “Спутник V” вакцинасының қауіпті жанама әсерін жариялады

Аргентина денсаулық сақтау министрлігі вакцина қауіпсіздігі жайлы есебінде коронавирусқа қарсы ресейлік “Спутник V” вакцинасын пайдаланғаннан кейін екі адамда тромбоциттер азайып, соның салдарынан қансырау жағдайы тіркелгенін жазды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Құжатқа 1,5 млн доза егу кезінде байқалған вакцинаның жанама әсері жайлы мәліметтер енген. 0,008 пайызында вакцинаның қауіпті жанама әсері тіркелген.

Жалпы елде “Спутник V” егілгеннен кейін 23 804 жағдайда жанама әсер байқалған(яғни, 100 мың дозаға шаққанда 1640 жағдайдан келеді). Жиі кездесетіндері арасында: дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, тұмауға ұқсас белгілер, укол салынған жердің ісуі сияқты белгілер бар. Екпе 362 жағдайда жеңіл және орташа дәрежедегі аллергиялық реакция берген.

Статистикаға сәйкес, “Спутник V”-пен байланысты сирек кездесетін жеті жағдай тіркелген: жоғарыда айтылған тромбоцитопениядан бөлек, анафилаксияның бес жағдайы (қауіпті аллергиялық реакция) анықталған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz