"Аралтұз" жайында тараған пікірлер қаншалықты рас?

2019 жылдың жазынан бері Арал ауданында өндірілетін тұзға байланысты көптеген алып-қашпа әңгімелер интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде тарап жүр. Әлі күнге дейін “Аралтұз” компаниясының Қытайға сатылғандығы туралы синофобиялық пікірлер мен оның құрамындағы өзгерістер жайында әртүрлі мәлімдемелер толастар емес. Factcheck.kz сайты осыған байланысты тараған пікірлерді тексеріп көрді.

Ең алдымен Байқоңыр тұрғыны Қазақстандықтардың тұздан жаппай қырылатыны туралы түс көріп, видео үндеу жасаған болатын. Видеода былай дейді:

Қызылорда облысының Арал ауданында “Сольтрест” деген мекеме бар, ол Қытай халқына сатылып кеткен. Аралда шығып жатқан тұздың құрамына белсіздік пен түрлі ауруларды қоздыратын қоспаларды қосу арқылы жүз жылдың көлемінде қазақ халқын жер бетінен жоқ қылады деген үн менің құлағыма келді…

Байқоңыр тұрғыны Зауырхан

Үкім: Жалған

Kompra.kz мәліметінше “Сольтрест” ЖШС-нің бірінші басқарушысы – Лепешкин Андрей Анатольевич. Бір ғана құрылтайшысы бар, ол – Коспенбетов Канат Мукиденович.

Жалпы компания 2008 жылы маусымның 12 күні тіркелген, негізгі қызмет саласы – мамандандырылған көтерме сауда. Яғни не бір басшысының немесе құрылтайшысының қытаймен тікелей байланысы жоқ екенін көреміз.

Ал, тұрғынның “тұздың құрамына байланысты” айтқан сөзіне өңір­лік коммуникациялар қызметі шұғыл түрде баспасө­з брифингін өткізген болатын. Сол жерде ресми мәлімдеме жасаған “Аралтұз” компаниясының вице-президенті Нағашыбай Әуезханов былай дейді:

Тұзды тазалау және өңдеу бойынша барлық жұмыстар талаптарға сай жүргізіледі. Бізде өнімнің сапасын бақылауға арналған арнайы зертхана бар, сондықтан біздің тұз жоғары сапалы деп сеніммен айта аламын

Нағашыбай Әуезханов, “Аралтұз” компаниясының вице-президенті
"Аралтұз" жайында тараған пікірлер қаншалықты рас?

Кейіннен “Аралтұздың” құрамында әйнек бар екен деген ақпарат Ресейлік тұтынушылардың арасында пайда болды. Бұл туралы КТК телеарнасы көрсетті.

“Аралтұз” компаниясы өндіретін тұздың құрамында әйнек бар

Үкім: Жалған

“Аралтұз” АҚ бұл ақпарат туралы өздерінің сайтында ресми мәлімдеме жасады.

“Аралтұз” АҚ соңғы уақытта әлеуметтік желілерде жіберілетін ақпарат шындыққа сәйкес келмейді деп ресми мәлімдейді. Ас тұзы табиғи ерімейтін тұнбаны, басқа да табиғи тұз сияқты, әсіресе өзіндік тұнбаларды қамтиды. Шын мәнінде, “шыны” үшін минерал қабылданды және бұрын біз өндірген тұзда ГОСТ-та айтылған ерімейтін қалдық нормаларында, атап айтқанда эпсомиттер мен астраханиттер болған. Эпсомит (epsomite – ағылш.)- табиғи минерал мөлдір түсті, сондай-ақ магнезия немесе ағылшын тұзы деп аталады. Магний су сульфаты-адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес заттар.

“Аралтұз” АҚ-ның ресми мәлімдемесі

“Аралтұз” компаниясын Қытайлықтар сатып алған

Үкім: Жалған

Kompra.kz-тің мәліметінше “Аралтұз” кәсіпорынының басшысы – Тауасаров Айдынбек Әділбекұлына, негізгі құрылтайшысы – “Соляная индустрия” ЖШС.

“Соляная индустрияның” бірінші басқарушысы – Мукашев Даурен Рахметұлы есімді азамат. Ал, “Соляная индустрияның” бір ғана құрылтайшысы бар, ол – “Adelya Invest” ЖШС. Компанияның бірінші басқарушысы – Айтқазин Нурлан Қасымханұлы. Бұл компанияның өзінде екі құрылтайшысы бар, бірі – Пономаренко Иоанна Алаксандровна болса, екіншісі “Соляная индустрия” компаниясының бірінші басқарушысы – Мукашев Даурен Рахметұлы. Жалпы схема төмендегідей:

"Аралтұз" жайында тараған пікірлер қаншалықты рас?
Kompra.kz

Осы мәліметтерге қарайтын болсақ, ешқандай да қытайлық бір компанияның немесе адамның атын байқамаймыз. Тек “Аралтұзға” қатысы бар (аффилированные) компаниялардың ішінде “Аралсода” қазақ-қытай бірлескен кәсіпорыны ғана бар. Оның ешқандай құрылтайшысы жоқ, бір ғана басқарушысы бар, ол – Оспанкулов Санжар Бахытжанұлы. Бұл компания 2017 жылы жаз айында құрылған.

Қорытынды

“Аралтұз” кәсіпорыны қытайға сатылып кетіпті” деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы бұрынырақ та “Аралтұз” компаниясы ресми сайтында жазған болатын:

Соңғы уақытта Интернет желісінде біздің кәсіпорын шығаратын өнімге қатысты негізсіз және теріс пиғылды шабуылдар жүргізілуде. Аралтұз АҚ қытайлықтар сатып алып, Қазақстан халқын жою мақсатында денсаулыққа зиянды заттарды тұзға қосты деген бейнелермен және жазбалар бастаулы себеп болды. Кейіннен бұл миф дамыды,өйткені компанияның меншік иелері әрдайым қазіргі уақытта қазақстандық кәсіпкерлер болды және болып табылады.

“Аралтұз” АҚ-ның ресми мәлімдемесі

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz