Әлемнің 63 елінен 250-ден астам журналист Ресейдің тәуелсіз басылымдарын қолдады

Әлемнің 63 елінен 250-ден астам журналист Ресейдің тәуелсіз басылымдарын — «Важные истории», DOXA сайты, сонымен қатар, Ресей билігі «шетелдік агент» тізіміне қосқан «Медуза» сайтын қолдады. Бұл туралы ақпарат студенттерге арналған DOXA журналының сайтында журналистер атынан ашық хат ретінде жарияланды. Жақында ғана бұл сайттың 4 редакторы қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған еді.

Журналистердің ашық хатында айтылғандай ресейлік тәуелсіз басылымдарды қолдау тізімінде Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күніне орайластырылған.

«Ресей президенті Владимир Путин болғалы билік тәуелсіз БАҚ өкілдеріне заң арқылы шектеу жасап, иелерін ауыстырумен қоса айыппұлдар мен қылмыстық істер бойынша қысым жасай бастады», – делінген ашық хатта.

Хаттамада «Важные истории» басылымының бас редакторы Роман Анинге қатысты тінту жұмысы жайлы және журналистік зерттеулерге кедергі келтіру мақсатында қозғалған қылмыстық іс туралы жазылған. Сонымен қатар, DOXA-ның басқа да редакторлары: Армен Арамян, Наталья Тышкевич, Владимир Метелкин және Алла Гутниковаға қатысты қылмыстық қудалау және Медузаны «шетелдік агент» деп танылуы туралы айтылды.

«Жақында ғана Ресей заң шығарушы органдары енгізген бұл тізім, қойылған заңнамалық талаптарды орындамаған басылымдарға тиісті айыппұлдар, сайттың бұғатталуы және журналистерін қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкелуі мүмкін»,- деп жазылды хаттамада.

Бұған дейін Ресей билігі «шетел агенттерінің бұқаралық ақпарат құралдары» деп «Радио Свобода» мен РСЕ/РС медиакорпорацияның жобаларын таныды. Роскомнадзор жалпы сомасы 100 миллион рубльден аса айыппұл сала бастады.

Хатта Кремльдің «тәуелсіз БАҚ-тың үнін өшіріп, Ресей азаматтарын шынайы ақпаратқа қол жеткізуден айыруға ниетті» екенін жазылған. Хат авторлары Ресей билігін сөз бостандығын қорғау жөніндегі міндеттерін орындауға шақырады.

Сонымен қоса, ресейлік тәуелсіз басылымдарды қолдау хаттамасына The Guardian, The Washington Post, Le Monde, Süddeutsche Zeitung, Reuters, «Немецкая волна», «Украинская правда» басылымының журналистері де қол қойды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz