10 қыркүйекте MediaCAMP Fest спикері, программист, аналитик Алексей Незнанов жасанды интеллекттің медиаға әсері жайлы және фейк ақпараттың жыл сайын көбейіп жатқанын айтты.
Незнановтың сөзінше, дипфейк жасау қазіргі уақытта оңай бола бастады. Оның айтуынша, ақпарат қауіпсіздігінің мамандары дипфейкке қарсы күресу үшін барлық сала бойынша жұмыс жасап жатыр. Сарапшы ресми түрде қолданылған дипфейк мысалын да келтірді.
2021 жылы жазда Ресейде “Мегафон” жарнамасын желі қолданушылар жиі талқылады. Себебі осы тәсіл арқылы Брюс Уиллисті (актердің түрін нейрожелісінің алгоритмдері арқылы қолданылған) ресми жарнамаға түсірген.
Алексей Незнанов
Сонымен қатар, жалпы медианың біраз өгеріске ұшырағанын айтты. Оның сөзінше, фейк жаңалықтар күн тәртібінің бір бөлігіне айналып, салдарынан ақпарат қауіпсіздігінің мамандары фейкпен күресу үшін техникалық кешендерді әзірледі.
Бұған қоса мамандар бұған дейін де мұндай қауіп бар екенін және “цифрлы гигиена” керек екенін ескертсе де, оларды ешкім тыңдамағанын мәлімдеді.
Контекст
- Internews ұйымы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан журналистерін MediaCAMP Fest фестиваліне шақырып, 10-12 қыркүйекте онлайн форматта өткізді.
- MediaCAMP Fest — Орталық Азия журналистеріне арналған жыл сайын өтетін мереке.