Алаяқтар WhatsApp ақылы болатыны жайлы фейк таратып жатыр

Алаяқтар WhatsApp-тың құпия ақпарат жайлы ережесінің күшіне енуін пайдаланып, қолданушыларға жаңа шартты орындамаса, мессенджер ақылы болатыны туралы “бақыт хаттарын” жіберіп жатыр. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Алаяқтар қолданушыларға желіні пайдалану үшін 1 еуроцент (шамамен 5 теңге 18 тиын) төлеу керек екенін жіберген. Мұндай хаттар көбіне зейнет жастағы адамдарға келген.

«15 мамырдан бастап WhatsApp ақылы болады. Бұған жол бермеу үшін бұл хабарламаны он адамға жіберуіңіз керек, ал бір SMS құны — бір еуроцент. Осылайша, сіздің белсенді қолданушы екеніңізді көріп, логотипіңіз көк түске айналады және әрі қарай тегін қолданасыз»‎

Желі қолданушыларға келген хабарлама

Ресей ұлттық технологиялық бастаманың SafeNet инженерлік орталығының сарапшысы Игорь Бедеровтың айтуынша, бұл «бақыт хаты» деп аталады. Сонымен бірге, мұндай хабарламалар «миға арналған тұзақ» екенін де ескертті. Бұған дейін, алаяқтар осыған ұқсас тәсілді сайт жұмысын бәсеңдету үшін қолданған.

Контекст

  • WhatsApp қолданушылары қызмет көрсету шарттары мен құпия ақпарат жайлы саясатына енгізілген өзгерістер туралы хабарлама ала бастады. Бұл ережеге сай қолданушылар WhatsApp-тағы деректерін Facebook-пен бөлісу міндеттелген. Алдымен ережелер 8 ақпанда күшіне енуі керек еді, бірақ қолданушылар сынаған соң 15 мамырға ауыстырылды.
  • WhatsApp әкімшілігі құпия ақпарат жайлы ережесімен келіспеген қолданушылардың қоңырау шалу және хабарлама жазу мүмкіндігін біртіндеп өшіреді.
  • Бірнеше аптадан кейін пайдаланушылар қоңырау немесе хабарламаларды мүлде қабылдай алмайды, ал жаңа шектеулерді енгізу уақыты жеке-жеке өзгеріп отырады.

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz