АҚШ билігі DarkSide хакерлері туралы ақпарат бергендерге 10 миллион доллар сыйақы береді

АҚШ Мемлекеттік департаменті DarkSide хакерлер тобының кез келген басшысын немесе орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін ақпарат үшін 10 миллион долларға дейін сыйақы беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Сонымен қатар, мемлекеттік департамент осы топтың операциясына қатысуды жоспарлап жүрген адамдарды тұтқындауға көмектесетін ақпарат үшін 5 миллион долларға дейін сыйақы тағайындады.

АҚШ осы сыйақыны ұсыну арқылы, әлемдегі бопсалау бағдарламаларының құрбандарын киберқылмыскерлердің әрекетінен қорғауға дайын екенін көрсетеді.

Мемлекеттік департаменттің хабарламасы.

ФБР мәліметі бойынша, олар қазіргі уақытта Ресейде орналасқан.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz