АҚШ Алматыдағы этникалық қазақтардың Шыңжаңдағы лагерьден туыстарын босатуды талап етіп, Қытай консулдығы алдында бейбіт жиналысын өткізу құқығын қолдайды. Дүйсенбіде өткен онлайн баспасөз конференциясында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер осылай айтты. Бұл туралы Vlast.kz сайты хабарлады.

Әрине, біз бейбіт жиналыстың құқығын қолдаймыз. Бұл азаматтар тек бейбіт жиынға қатысады деп ойлаймыз. Бұл туралы көзқарасымызды Қазақстан мемлекетіне жеткіздік. Қазіргі уақытта Қазақстанға қарсы санкция салынады деп айта алмаймын.
Уильям Мозер
Контекст
- Азаттық радиосының хабарлауынша, Алматыда бір топ адам Қытай консулдығы алдында 140 күннен астам уақыттан бері наразылық акциясын өткізіп келеді. Олар Шыңжаңда “жазықтан-жазықсыз” қамалған немесе сол жақта жоғалған немесе Қазақстанға өте алмай отырған туыстарын босатуды, Қазақстанға қайтаруды сұрайды.
- Осы уақыт аралығында консулдықтан ешкім шыққан жоқ. Ал сәуір айында Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Шыңжаңда қамалған қазақтардың “Қытай азаматы” екенін және олардың “заң бұзғанын” айтқан еді.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.