“Әділ сөз”: Әлемде 12 ел ғана әлеуметтік желіні шектейді

Әлем бойынша әлеуметтік желіге шектеу қойған 12 ел бар. Бұл мемлекеттерді дамыған елдің қатарына жатқызу қиын және сөз бостандығы бойынша аутсайдерлердің қатарында. Бұл туралы 16 қыркүйекте “Әділ сөз” баспасөз қорғау ұйымының ресми сайтында хабарланды.

15 қыркүйекте ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары шетелдік мессенджерлер мен әлеуметтік желі басшыларын Қазақстанда жұмыс істеу үшін ресми түрде тіркеліп, филиал ашуына бірінші оқылымда бірауыздан дауыс берді.

“Әділ сөз” ұйымы депутаттардың мұндай әрекетін сынады. Ұйым аталған норманың ақпарат алу құқығы мен интернетті қолдануға шектеу қоятына алаңдады. Сонымен қатар, Қазақстанның халықаралық ұйымдардың мүшесі ретінде абыройы түсетінін жазған.

Бұған қоса депутаттардың бала қылмысы және суицидтің көбеюін интернеттен көріп отырғанын жазған.

Бұдан бөлек инвестицияны азайтатынын, ел азаматтарының іскерлік белсендігін төмендететінін мәлімдеді. Сонымен бірге, электронды сауда мен жарнаманың дамуына кедергі келтіретінін ескерткен.

Контекст

  • Азаттық радиосының жазуынша, халықаралық ұйымдар Қазақстанды интернет еркіндігіне байланысты жиі сынайды. Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы интернет еркіндігі бойынша былтырғы есебінде Қазақстанды “интернет, әлеуметтік желілер және байланыс платформалары жиі бұғатталатын”, “саяси, әлеуметтік және діни контенттер шектелетін”, “блогерлер, құқық қорғаушылар, желі қолданушылар немесе билікті сынағандар жиі қудаланатын, жауапқа тартылатын, шабуылға ұшырайтын” елдер қатарына енгізген.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz