26.10 | Байденнің Ресейді айыптауы, интернеттегі алаяқтар, COVID-19 тест анықтамасын сатқан кімдер?

Коронавирус анықталмағанын дәлелдейтін құжат талап етілгеннен бастап алаяқтар инфекцияның жоқ екенін дәлелдейтін жалған анықтама жасаумен айналысып жатыр. Оның құны — 150 фунт (83 646 теңге). Бұл туралы The Sun хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, кейбір туристік агенттіктер мұндай қызметтерді ұсынған. Аты-жөнін атамаған ер адамның айтуынша, компания COVID-19 тестін тапсыру керек екенін айтқан. Егер тест нәтижесінде коронавирус анықталса саяхатшыға 50 фунтқа (27 883 теңге) коронавирус анықталмағаны туралы анықтаманы сатып алуды ұсынған.

Бұған дейін ресейлік туристер коронавирустық пандемияға байланысты шекаралар жабылса да еуропаға қалай сапарға шығуға болатынын айтқан. Олардың мәліметінше, туристік визамен Грецияға, ал содан кейін Италияға кіруге болады. Алайда, мұндай жағдай анықталса туристті депортациялау мүмкін.

Интернетте алаяқтар көбейді

Ішкі істер министрлігі интернеттегі алаяқтық фактісі 8000-ға дейін артқанын хабарлады. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты жазды.

Соңғы үш жылда мұндай (интернеттегі) қылмыстардың саны екі есеге көбейіп, 4000-нан 8000-ға дейін артты. Биыл ішкі істер органдары 1700 қылмысты анықтап, 400-ге жуық адам ұсталды. Қылмыстардың көп бөлігі трансшекаралық жағдайда болған. Алаяқ құрбандары басқа жақта, қылмыскер де басқа жақта. Кейбірі әртүрлі елдерде тіркелген.

ІІМ Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Омарбеков.

Оның айтуынша, көптеген адам шығынына аса мен бермей полицияға жүгінбейді.

Байден Ресейді “қауіп төндіретін ел” деп атады

Демократиялық партиядан АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байден Ресейді әлемдік саяси аренада басты қауіп төндіретін ел деп санайды. Бұл туралы саясаткер CBS телеарнасына берген сұхбатында айтты.

“Менің ойымша, АҚШ қауіпсіздігі мен одақтастарымызбен қарым-қатынасты бұзу мақсатында Ресей ең үлкен қауіпті төндіріп отыр.

Джо Байден

Сұхбат барысында АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті “Путинді жалған ақпарат таратуға тырысып жатыр” деп мәлімдеді. Сонымен қатар, Байденнің айтуынша, АҚШ-тың ең басты бәсекелесі — Қытай.

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың пікірінше, АҚШ үшін басты қауіп төндіретін ел — Қытай. Трамп Қытайды қарсыласы, бәсекелесі және көп жағынан жау екенін де айтқан еді. АҚШ президенті Қытайға коронавирустың әлемде таралуы үшін жауап береді деп мәлімдеген. Сонымен бірге, коронавирусты “қытай вирусы” деп атаған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz