25.11 | Үндістан Қытай қосымшаларын бұғаттады, криптобиржаға шабуыл, срогы өткен контрабанда

Үндістанда Қытай қосымшаларына тыйым салынып жатыр

Үндістан үкіметі Қытай қосымшаларына тыйым салу стратегиясын жалғастырып жатыр. Бұл жолы 43 қосымшаның тізімі жарияланып, Alibaba электронды сауда платформасының қосымшалары бұғатталды. Олардың ішінде Aliexpress, WeTV, MangoTV, сонымен бірге, танысу бағдарламалары да бар.

Ел үкіметі жаңа қосымшалардың ақпараттық технологиялар туралы заңның 69А бөліміне сәйкес бұғатталғанын хабарлады. Билік бұл қосымшалардың Үндістанның қауіпсіздігі мен тұтастығына нұқсан келтіретінін анықтаған.

Бұл жағдайдан кейін Үндістанда тыйым салынған қытайлық қосымшалар саны 267-ге жетті.

Әлемдегі ең ірі криптовалюта биржаларының біріне хакерлер шабуыл жасады

Әлемдегі ең ірі Liquid криптовалюта биржасын хакерлер бұзды. Компания дерегінше, 2020 жылы 13 қарашада шабуылдаушылар компанияның ішкі желісіне енген. Бұл туралы “Хакер” басылымы хабарлады.

Liquid әкімшілігінің хабарлауынша, хакерлер деректерді ұрлағанға дейін шабуыл жасалғаны анықталған. Алайда, тергеу жүргізілгеннен кейін хакердің Liquid деректері мен қолданушылар туралы ақпаратты ұрлағаны белгілі болды.

Хакерлер пайдаланушылардың аты-жөні, олардың мекен-жайы, электрондық поштасы және шифрланған парольдерді ұрлаған. Олар пайдаланушының жеке куәліктері жайлы деректерді ұрлағаны белгісіз. Бірақ Liquid клиенттері транзакцияны жасау кезінде мұндай құжаты ұсынуға міндетті екені белгілі.

Шетел азаматы 34 миллион теңгенің дәрісін Қазақстан арқылы өткізбек болды

Бұл жағдай Түркістан облысында орын алған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп, Оrda.kz порталы хабарлады.

Сарыағаш аймағындағы тас жолдардың бірінде полицейлер көлікті тоқтатып, ішінде жалпы сомасы 34 миллион теңгені құрайтын жүкті анықтады.

«Фургонды тексеру кезінде жедел уәкілдер тиісті құжаттары жоқ 254 қорап дәрі-дәрмектер тауып тәркіледі. Жүргізушінің айтуынша, ол Шымкент қаласының тұрғынымен белгілі бір ақыға жүгініп, Сарыағаш аймағынан Түркістанға жүк алып кетуге келіскен. Тәркіленген дәрілердің ішінде бисакодил, бисептол, кетонал, глицин, волтарен болған.

Сонымен бірге, жүк Өзбекстан азаматына тиесілі екені және Ресейден көрші республикаға заңсыз жеткізілгені анықталды. Бұл факт Сарыағаш облыстық полиция бөлімінде тіркелген», – деді полиция департаментінің басшысының орынбасары Құрманбек Сахов.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz