«2025 жылға дейін халық табысын арттыру» бағдарламасында Қазақстандағы кедейлік деңгейі АҚШ пен Канададан төмен деп көрсетілген бе?

11 мамырда өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айқын Қоңыров «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасын» сынап, құжатта “Қазақстандағы кедейлік деңгейі АҚШ пен Канададан төмен” деп жазылғандығы туралы мәлімдеме келтірді. Бағдарламада расымен депутат айтқандай жазылған ба, Factcheck.kz тексеріп көрді.

Тайм-код: 1:21:55

Бағдарламада Қазақстандағы кедейлік деңгейі 10,6% деп белгіленген. Бұл ЭЫДҰ елдеріндегі орташа көрсеткіштен төмен. Мәселен, Қазақстандағы кедейлік деңгейі бағдарламаға сәйкес АҚШ-тағыдан 6,8%-ға, Канададан 4,2%-ға төмен.

Айқын Қоңыров

Үкім: Шындық

Депутат 2022 жылы 14 сәуірде жарияланған «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» туралы айтып отыр. Құжатта “ЭЫДҰ әдістемесі бойынша Қазақстандағы кедейліктің орташа деңгейі 10% құрайды” деп жазылған. Бағдарламада АҚШ-тағы кедейлік деңгейі — 16,8%, Канадада — 14,2% деп көрсетілген, сонымен бірге басқа бірнеше мемлекетегі кедейлік көрсеткіші беріледі. Бағдарлама мәтініне сенсек, Қазақстандағы кедейлік көрсеткіші (10%) — АҚШ-тан 6,8%-ке, Канададан 4,2%-ке төмен.

Бағдарлама мәтінінің рас-өтірігіне байланысты депутатта ғана емес, бізде де күмән туды.

“ЭЫДҰ әдістемесі бойынша Қазақстандағы кедейлік деңгейі орта есеппен 10%-ті құрайды. ЭЫДҰ елдерінде кедей халықтың үлесі 11,6%-ті құрайды (АҚШ-та — 16,8%, Израильде — 17,7%, Чилиде — 16,8%, Канадада — 14,2%, Аустралияда — 12,8%, Ұлыбританияда-10,8%)” — деп жазылған құжатта.

Бір жағынан расымен-ақ: ЭЫДҰ-ның 2019 жылғы “Қоғамға көзқарас” баяндамасына сай, 2016 жылы ЭЫДҰ елдері бойынша орташа кедейлік деңгейі 11,7%-ті құраған. Оған қоса, ЭЫДҰ дерегінше, АҚШ-тағы кедейлік деңгейі — 17,8%-і, Канадада — 12,4%. Дегенмен, мұнда тек ЭЫДҰ-ға мүше елдердің дерегі берілген, ал Қазақстан ұйымға кірмейді. Бұдан бөлек, ЭЫДҰ-ның кедейлік деңгейіне байланысты жаңа дерегінде де, жалпы ЭЫДҰ-ның желіде жариялаған мәліметтердің ішінде “Қазақстандағы орташа кедейлік деңгейі 10%-ті” құрайтыны туралы дерек табылмады; бұл туралы тек “Табысты арттыру бағдарламасының” талдауында ғана көрсетілген. Құжаттағы аталмыш мәлімдеменің қандай дереккөзге сүйеніп жазылғаны белгісіз, сондықтан депутаттың бағдарламаны сынға алуы — орынды.

Қазақстандағы кедейлік деңгейі туралы, кедейлік шегі қалай есептелетіні туралы толығырақ депутат Ерлан Саиров мәлімедемесіне жасаған талдауымыздан оқыңыз.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz