Жолдауға фактчек | Тоқаев IT-экспорты туралы деректе шатасты ма?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте дәстүрлі жолдауын жариялады. Мәлімдеме барысында ол бірнеше әлеуметтік-экономикалық мәселелерге де тоқталды, IT мәселесін де қозғады. Factcheck.kz дәстүрлі түрде Тоқаевтың сөздері қаншалықты рас екенін тексеріп, нәтижесін ұсынады.

Мәлімдеме: Өткен жылдың өзінде отандық IT-индустрия экспортының көлемі бес есеге өсті. Биылғы жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 500 миллион долларға жетуі мүмкін. Бірақ бұл шек емес.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Манипуляция

Ұлттық банк дерегіне сай, Қазақстанның 2022 жылғы “Телекоммуникациялық, компьютерлік және ақпараттық қызметтер” экспорты 470,3 млн доллар болған. 2021 жылы бұл көрсеткіш 175,8 млн доллар еді, яғни бір жыл ішіндегі өсім —2,6 есе. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың 1-тоқсанында 156,22 млн долларға жетті.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz