Жол сапасы бойынша Қазақстан Танзания мен Кениядан артта ма?

Кейінгі бірнеше күнде түрлі сайттарда жол сапасы бойынша Қазақстанның халықаралық аренадағы жәй-күйі талқыланып, дау тудырды. Тіпті Танзания мен Кениядан да артта қалды деген контексте ақпарат тарап жүр. Бұл ақпарат “Автожол саласы: 2023 жылға жоспар” брифингінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жол комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Бековтің жауабынан кейін үдей түсті.

Амангелдінің айтуынша, Дүниежүзілік экономикалыық форумның (ДЭФ) рейтиңі тек сауалнама арқылы жасалады және мүлде жолы жоқ Кения және басқа мемлекеттерден артта қалуымыз мүмкін емес. Оқырманның сұрауы бойынша Factcheck.kz ақпаратты тексеріп көрді.

Тайм-код: 48:31

Қазақстан ДЭФ рейтиңінде 93 емес, 63-орында тұр.

Амангелді Беков, жол комитеті төрағасының орынбасары

Үкім: Жалған

Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметінше, Қазақстан жол инфрақұрылымының сапасы бойынша 93-орында. Дегенмен ДЭФ Бәсекеге қабілетті елдердің рейтиңін 2006-2020 жылдарға дейін жасағаннын естен шығармаған жөн. Біз тек ең кейінгі деректі қарастырамыз.

Дүниежүзілік экономикалыық форумның жол сапасы бойынша жасалатын рейтиңі тек сауалнама арқылы жасалады.

Амангелді Беков, жол комитеті төрағасының орынбасары

Үкім: Шындық

Дүниежүзілік экономикалық форумның жол инфрақұрылымының сапасы рейтиңі расымен де сауалнама арқылы жасалады. Ең кейінгі сауалнама 2019 жылы қаңтар-сәуір айларында жүргізілген. Сауалнама 139 елден, 41 тілде 17 мыңға жуық кәсіпорын басшыларынан алынды. Олар өз еліндегі жол инфрақұрылым сапасын 1 (өте нашар) мен 7 (өте жақсы) балл шкаласы арқылы бағалаған.

Мүлдем жолы жоқ Кения және басқа елдерден артта қалуымыз мүмкін емес.

Амангелді Беков, жол комитеті төрағасының орынбасары

Үкім: Манипуляция

Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметінше, жол инфрақұрылымының сапасы бойынша Кения 64-орында, Танзания 65-орында. Яғни екі мемлекеттің рейтиңі бізден жоғары. Ал Кенияда жол жоқ деп дөп басып айту – манипуляция.

Кенияда расымен жол жоқ па?

Кения ұлттық автокөлік жолдары басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда S классты 40 км, A классты 6830 км және B классты 14 713 км жол бар. Осыған қарап-ақ “мүлде жолы жоқ Кения” деп айту – дұрыс емес. Бұл “Африкадағы мемлекеттер бізден артта қалған” деген стереотиптің салдары. Сондай-ақ, қарапайым түрде Google maps-тің көмегімен де Кениядағы жолдардың сапасын қарауға болады. Ал төмендегі видеодан Кения көлік басқармасының Гарсен – Виту – Ламу жолдарын қалай жасалып жатқанынан анонс ретінде көрсеткен.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz