Зерттеу | Фактчекиңде «кері әсер ету эффектісі» бар ма?

Фактчекиңнің тиімсіз болуына ықпал ететін себептердің бірі – «медианың кері әсер ету эффектісі» деп аталатын психологиялық феномен. Оны бумеранг эффектісі немесе  backfire effect деп те атайды. Яғни адамдар көбіне өздерінің пікірімен сәйкес келетін фактілерге сенеді, ал жоққа шығарылса тіпті сенімі күшейеді.

Бұл феномен туралы 2010 жылы америкалық профессорлар Брендан Найан мен Джейсон Рейфлер жүргізген зерттеуден кейін айтыла бастады. Онда осы эффектіге бірнеше тәжірибе жасалып, бақыланды. Кейін бұл зерттеу басқа ондаған материалда сөз болғанымен, Найан мен Рейфлердің өзі феноменнің бар екені туралы мүлдем ештеңе айтпайды.

Сонымен, кері әсер ету эффектісі бар ма? Ағылшындық Full Fact фактчекиң ұйымының осыған қатысты өз пікірі бар.

Зерттеу | Фактчекиңде «кері әсер ету эффектісі» бар ма?

Зерттеу үшін Full Fact ұжымы пікірлерді талдаған (debunking) зерттеулердің ішінен ең көп талқыланған жетеуін таңдап алды.  Зерттеудің форматы (жаңалық әлде пікір ме), сонымен қатар таңдаудың қаншалықты үлкен, әр қырлы және рандомды болғаны негізгі назарға алынды. Зерттеу қатысушыларына ұсынылған тақырыптар да маңызды рөл атқарды.

Full Fact айтуынша, кері әсер ету эффектісі даулы тақырыптар кезінде байқалған. Бұған адамдардың зерттеуге дейін қалыптасып қойған пікірі себеп болған. Мәселен, Найан мен Рейфлер эксперименттерінің бірінде америка әскерінің Иракқа басып кіруі туралы айтылады. Кері әсер ету эффектісі консервативті көзқарастағы қатысушыларда байқалған: олар Ирак аумағында жаппай қырып-жою қаруы жоқ екені туралы Орталық барлау басқармасы ұсынған есепке қарамастан, мынадай пікірмен келіскен: «АҚШ басып кірмес бұрын  Иракта жаппай қырып-жою қаруы болды, бірақ оны тығып қойды немесе Саддам Хуссейн жойып жіберді».

Зерттеу | Фактчекиңде «кері әсер ету эффектісі» бар ма?

Осы пікірдің жеңілдетілген түрін басқа зерттеуде профессорлар Томас Вуд пен Итан Портер де қолданған. Былай делінген: «2003 жылы Иракқа басып кіргеннен кейін америкалық әскер жаппай қырып-жою қаруын таппады». Зерттеушілер қатысушылар арасында кері әсер ету эффектісін байқамаған. Осындай жағдай басқа да даулы тақырыптар кезінде – атыс қаруын пайдаланып күш көрсету, мигранттар арасындағы криминал және басқалар кезінде қайталанды. Олар жеке хабар ретінде, сондай-ақ газет мақаласы ретінде де берілді. Портер мен Вудтың айтуынша, қатысушылардың саяси көзқарасы, шынында, олардың пікіріне әсер етеді, бірақ талдау консерваторларды да, либералдардың да ақпаратын нақтылай түседі.

Қатысушылар саны мен олардың қалай таңдалғанын да ескере кеткен жөн: Найан мен Рейфлердің Ирактағы жаппай қырып-жою қаруы туралы  экспериментіне 200-ге жуық адам қатысты, олардың бәрі студенттер еді. Ал Вуд пен Портердің сауалнамасына  Mechanical Turk жүйесі арқылы 10 мыңнан аса америкалық қатысқан. Сол себепті Найан мен Рейфлердің шешімі нақты емес деуге болады. Найанның пікірінше, кей кезде адам фактіні білгеннен кейін көзқарасын өзгертуі мүмкін, бірақ ол қашан және қанша уақытқа созылатыны белгісіз.

Зерттеу | Фактчекиңде «кері әсер ету эффектісі» бар ма?

Кері әсер ету эффектісі бақыланған басқа жұмыстар себеп ретінде іс-әрекет мотивін көрсетеді, бірақ қатысушылардың өздерін сендірмейді. Вакцинаға қатысты зерттеуде талдауды оқығаннан кейін екпе аутизмді туындатады деп есептейтін қатысушылар саны азайған. Бірақ жанама әсеріне алаңдайтындар арасында екпе алғысы келгендер көбейді. Мұнда сұрақ туындайды: егер біздің пікіріміздің көзқарасымыздан айырмашылығы аз болса, біз фактчектен қандай нәтиже қалаймыз немесе алуымыз керек?

Келесі зерттеулерде эксперименттердің нәтижелері бірдей болмады. Мысалы, 2016 жылғы сайлау науқаны кезінде жүргізілген Рейфлер, Найан, Портер және Вудтың бірлескен жұмысында қатысушыларға Дональд Трамптың зорлық-зомбылықтың өсуі және жұмыс күшінің АҚШ-тан Мексикаға кетуі туралы мәлімдемелері тиісті фактчектермен қоса берілді. Трамп пен Клинтон жақтастары арасында осы тақырыпқа қатысты қате пікір азайды, бірақ қатысушылардың Трампқа деген көзқарасы өзгерген жоқ. Авторлар атап өткендей, бұл зерттеу тек бір ғана талдауға негізделген, болашақта эксперимент үшін көзқарастары қарама-қайшы бірнеше саясаткердің көптеген мәлімдемесін қолдану қажет.

Аустралияда жүргізілген осыған ұқсас зерттеуде пікірлерін фактчек-ақпаратпен түзеген қатысушылар оңшылдар арасында да, солшылдар қатарында да болды. Сондай-ақ саясаткерлердің мәлімдемелерін оқып, сол арқылы оны ұнатып жүрген қатысушылардың көзқарасы өзгерді, әсіресе бұл солшылдарға қатысты.

Қорытындылай келе, Full Fact фактчекиңнің тиімді екенін, бірақ мынадай қадамдарға назар аудару керегін ескертеді: фактчекті қалай тиімді ету керегін түсіну қажет, сондай-ақ белгілі бір адамның саяси көзқарасы оның пікіріне, әсіресе АҚШ сыртында қаншалықты әсер ететінін ұғыну керек.

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz