Ұлыбритания Қытай телеарнасын лицензиясынан айырды

4 ақпанда британдық Ofcom медиа және телекоммуникация реттеушісі ағылшын тілінде хабар тарататын қытайлық CGTN спутниктік телеарнасын лицензиясынан айырды. Бұл турады DW сайты хабарлады.

Ofcom хабарлауынша, редакция саясатын каналды басқаратын медиатоп емес, керісінше, Қытай коммунистік партиясы бақылаған. Бұл әрекетімен CGTN арнасы лицензия ережесін бұзған.

Ережеге сай лицензияда көрсетілген компания редакция саясатын бақылауы тиіс.

Ofcom CGTN арнасына британдық заңнамаға сәйкес жұмысын жалғастыруға уақыт берген. Ал лицензияны қайтарып алу туралы шешім мәселені “жан-жақты зерттеген соң” қабылданған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz