6 тамызға қараған түні Украина әскері Ресейдің Курск облысының аумағына кірді. Ұрыс үш күннен бері жалғасып жатыр. Облыста төтенше жағдай 7 тамыз күні кешке ғана жарияланған.
Материалды «Медиажелі» әзірледі
Шекарадан өту
Барлығы дрондардың шабуылымен басталған. Курск облысы губернаторының м.а. Алексей Смирновтың айтуынша, әуе күштері ұшақ типті 26 дронды атып түсірген. Одан кейін Украина шекарасынан 10 шақырым жерде орналасқан Суджа қаласын атқылаған. 6 тамыз күні таңертең қарулы топтардың бірнеше бағытта алға жылжып, шекара маңында болып жатқан шайқас туралы хабарлар жете бастаған.
Курск облысының басшысы «ФСБ шекара қызметінің сарбаздары мен РФ Қарулы Күштері шекараны бұзып өтуіне жол бермегенін» айтты. Бірақ соғысты жақтайтын ресейлік блогерлер бірінің артынан бірі қиян-кескі ұрыс туралы хабар таратқан.
Кейін Ресей Қорғаныс министрлігі Украина қарулы күштерінің 22-ші механикаландырылған бригадасының 300 жауынгері 11 танк пен 20-дан астам бронды машина Ресей шекарасына жақындағанын мәлімдеді. 6 тамыз күні кешке ведомство Курск облысының аумағына кірген украиналық диверсиялық-барлау тобы шығынға ұшырап, «қайта шегінгенін» хабарлады. Кейінрек хабарламаны өшіріп тастаған.
Видео НГЕ для иллюстрации: Тұтқынға алынған әскери қызметшілер, Суджа, УҚК жүздеген сарбазы Ресей Федерациясының аумағында: Курск маңында не болып жатыр?
Ресей әскеріндегі «Новая-Европа» газетіне жақын дереккөздің айтуынша, 7 тамыз кешке УҚК Дарьино, Свердликово, Гоголевка, Гончаровка елді мекендерін алған. Ұрыс сондай-ақ Обуховка, Покровск, Любимовка, Толстый Луг пен Зеленый Шляхта жүріп жатыр. Сонымен бірге УҚК «Суджа» газ өлшейтін стансасын басып алғаны туралы ақпарат тараған. Ол арқылы ресейлік газ әлі күнге дейін Еуропа елдеріне беріліп жатқан жалғыз жолы. Ресей билігі мен «Газпром» өкілдері бұл ақпаратқа қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.
Америкалық соғысты зерттеу институты аймақтағы әскери операцияланың картасын жасады. Олар шамамен 350 ш.км жерді алып жатыр.
8 тамызда Курск облысынан жеткен ақпаратқа қарағанда, ұрыс жалғасуда. Z-блогерлердің айтуынша, Ресей «2022 жылғыдай алыс жерлерден» «Вагнер» ЖӘК жауынгерлерін Курск облысына жіберген.
Тараптардың мәлімдемесі
Украина билігі болып жатқан оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.
Владимир Путин жағдай қатысты алғашқы 1,5 минуттық мәлімдемесін қақтығыстар басталған соң бір күннен кейін жасады. Ол бұл оқиғаны «арандату» деп атады: «Киев режимі <…> әртүрлі қару түрлерінен, соның ішінде зымырандардан азаматтық ғимараттарға, тұрғын үйлерге және жедел жәрдем көліктеріне бей-берекет оқ жаудыруда», – деді ол. Жақында ол Қорғаныс министрлігі, ФСБ Шекара қызметі және Бас штаб басшылығымен кездеседі. Ол бірінші вице-премьер Денис Мантуровқа бейбіт тұрғындарға көмек көрсетуді реттеуді тапсырды.
Сол күні Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Бас штаб басшысы Валерий Герасимов 6 тамызда Украина қарулы күштерінің 1000-ға жуық жауынгері «Суджа аумағының бір бөлігін басып алу үшін шабуылға шыққанын» айтты. Ол Курск бағытындағы шабуыл тоқтатылды деп мәлімдегенде, шайқас туралы хабарлар әлі де келіп жатты.
Әскери шығын
Жараланған және қаза тапқан әскери қызметкерлердің саны белгісіз. Тараптардың ешқайссы ресми мәлімдеме жасаған жоқ
Дәл осы уақытта 6 тамызда Украинаның телеграм-каналдарында бес ресейлік солдаттың тұтқынға алынғаны түсірілген видео тараған болатын. Олардың кем дегенде екеуі әскерге шақырылғандар: Белгород облысының Ровенск ауданынан келген 22 жастағы Данил Колесников және Коми Республикасының Инта қаласынан келген 21 жастағы Максим Хямяляйнен.
Украин сарбаздарының жауап алуы түсірілген бейнежазбада олар Суджа шекарасындағы позицияларда тұрғанын айтады. Бірнеше күн бойы оқ астында қалдық. Бұзып кірерден төрт күн бұрын олардың командирлері басшылықтан әскерге шақырылғандарды алып кетуді талап етті. Бірақ онымен ешкім келіспеді.
Келесі күні «7×7» басылымының журналистері Колесниковтың отбасымен байланысқа шықты. Айтуларынша, әскерге шақырылған адам Сумыда, түрмеде отыр: «Олар ең алдымен әскерге шақырылғандарды, өмір көрмеген, ақша үшін кетпеген жас жігіттерді [алмастырыамыз]», – деді сұхбаттасушы.
«Важные истории» журналистері Хямяляйненнің жақындарымен сөйлесті. Жағдайдан хабардар отбасының жақын досы ата-анасы ұлының тұтқынға түскенін әлеуметтік желіде тараған видеодан білгенін айтты. Олардың өздері военкоматқа, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне және Адам құқығы жөніндегі уәкілге қоңырау шала бастады, бірақ 7 тамыз күні кешке олар ешқандай ақпарат алған жоқ.
Туыстары УҚК бұзып кірмей тұрып бірнеше күн бұрын сарбаздардың оқ астында қалғанын және оларды шығарып алуды сұрағанын білмеген. «Белгород облысындағыдай болады деп ешкім күткен жоқ. Тыныш болды», – деп түсіндірді отбасының жақын досы.
7 тамыз күні кешке украиндық телеграм-арналар ресейлік әскери тұтқындардың жаңа тобы түсірілген фотосуреттер мен бейнероликтер таратты. Түрлі мәліметтер бойынша 22-ден 40-қа дейін адам бар. «Азаттық» радиосының журналистері фотосуреттердің бірі «Суджа» халықаралық автокөлік өткізу пункті аймағында түсірілгенін анықтады.
Эвакуация
7 тамызда Курск облысының билігі Курск облысының оқ астында қалған шекаралық аудандарынан 200-ге жуық адамды шығарды, деп хабарлады аймақ басшысының міндетін атқарушы Алексей Смирнов. Оның айтуынша, адамдарды уақытша орналастыру орталықтары ұйымдастырылған. Ол Украинамен шекарадағы жағдай «бақылауда» деп айтты.
Бұл ретте Курск облысының тұрғындары эвакуация бойынша билік тарапынан ешқандай көмек жоқ екенін мәлімдеді. «Важные истории» басылымы келтірген тұрғынның сөзі: «Мен 112-ге қоңырау шалып, әкемді эвакуациялауды өтіндім. Олар маған қазір эвакуация жоқ, бірақ жағдай мүмкіндік бергенде бірдеңе істей алатындарын айтты. Бірақ қашан екені белгісіз. Ал орналастыруды ұйымдастыру әлі тек жоспарлануда, жұмыс жүріп жатыр, т.с.с…. Шындығында, олар қазір ешқандай көмек көрсете алмайды! Ал желіде жаңалықтарда қаланың эвакуацияланғанын жазады».
Тағы бір адам Смирновтың ВКонтакте желісіндегі видео хабарламасының астына оқтың астында қалған елді мекендердің тұрғындары су мен жарықсыз қалғанын, ал билік адамдарды эвакуацияламай жатқанын жазды.
«Верстка» газеті, әкесі Суджада екенін, қалада байланыс болмағанын, ал ол жақтан барлық ақпарат тек шығып кеткен адамдардан келетінін айтқан әйелдің сөзін жазған.
Сондай-ақ тұрғындар Ресейдегі 112 жедел жәрдем қызметінің бірыңғай нөмірімен байланысу қиын екенін шағымданған: желі мүлдем істемейді істемейді, не үзіліспен жұмыс істейді.
Ал Курск облысында төтенше жағдай 7 тамыз күні кешке ғана жарияланды.
Сонымен қатар, 7 тамызда Сумы облысының билігі міндетті эвакуация туралы хабарлама таратты. Эвакуацияға Ресеймен шекаралас 5 аудан мен 23 елді мекеннің тұрғындары жатады.
Азаматтар арасындағы қаза болғандар мен зардап шеккендер
Ресми мәлімет бойынша, Курск облысында 34 тұрғын, оның ішінде бес бала зардап шекті.
Ресми мәлімет бойынша: Коренев ауданындағы Комаровкада көлік жүргізушісі, Рыльский ауданы, Нехаевка маңында шағын автобус жүргізушісі, Суджа қаласының тұрғыны, сонымен қатар фельдшер мен жедел жәрдем жүргізушісі барлығы бес адам қаза тапты.
Фельдшер мен жедел жәрдем жүргізушісі Суджа маңында дронның шабуылынан қаза тапты, деп хабарлады губернатордың м.а. Алексей Смирнов. «Пепел» телеграм-арнасының хабарлауынша, олар – Александр Никитичев пен Александр Чекалин.
Журналистер тағы екі құрбанның аты-жөнін анықтады. Куриловка ауылының 24 жастағы тұрғыны Нина Кузнецова отбасымен Суджадан шығып кетпек болған кезде қайтыс болды. Күйеуі Артемнің айтуынша, Кузнецова мінген көлік оқтың астында қалған. Әйелдің ішінде екі айлық баласы болған.
28 жастағы Алексей Трубицын, журналистің айтуынша, анасын алып кету үшін Куриловкаға бара жатқан жолда қайтыс болған.
7 тамыз күні кешке оқ астында қалған Әулие Николай Белогорск монастырын эвакуациялау кезінде тағы бір адамның қаза тапқаны туралы ақпарат жеткен. Ғибадатхана қирап қалған.
Сарапшылар не дейді
Украиналық әскери сарапшы, УҚК запастағы полковнигі Роман Свитанның «Новая Европа» басылымына айтқан сөзі:
«Бұл жолы Ресейге РДК немесе «Свобода России» легионы емес, Украина Қарулы Күштерінің бөлімдері басып кірді. Нақтырақ айтсақ, жүздеген жаяу әскерді тасымалдауға арналған танк ротасы мен жиырмадан астам бронды машинамен күшейтілген барлау батальонынан тұратын батальон-тактикалық топ туралы айтуға болады.
Ресми Киев Украина қарулы күштерінің қатысын растамайтын шығар, бірақ мен барлау кезінде ұрыстың болып жатқанына толық сенімдімін. Бұл шабуыл айтарлықтай қарсылыққа тап болған жоқ.
Ресей әскерлері, оның ішінде шекарашылар, Ахматов сарбаздары және басқа да қауіпсіздік күштері мен Ұлттық гвардия әртүрлі бағытта қашып кетті. Содан кейін ресейліктер Су-25 шабуыл ұшақтары мен тікұшақтарын іске қосты. Қазірдің өзінде бір Ка-52 атып түсірілгені белгілі. Бұл расталған ақпарат. Шамасы, олар зениттік зымыран кешенімен, бәлкім, Стингермен атып түсірді. Қазіргі уақытта шекарадан бірнеше шақырым жерде Суджа қаласына қарай ұрыс жүріп жатыр. Ресей Украинаның Сумы облысының орталығына шабуыл жасау үшін осы аймақта орналасқан бірнеше мың сарбаздан тұратын шашыраңқы бөлімшелерді жинауға тырысуда.
Украина қарулы күштерінің ілгерілеуін тоқтату үшін ресейліктер басқа жақтан әскерлерін шығаруға мәжбүр болады, дейді Роман Свитан. — Бұл Донецк немесе Луганск облыстары болуы мүмкін. Сумыға шабуыл жасау үшін жиналған күштер де пайдаланылады. Қалай болғанда да, Украина Қарулы Күштері тапсырманы орындап, майданды айтарлықтай кеңейте алды. Биіктікте сәтті шоғырланған жағдайда, Украина Қарулы Күштерінің барлаушы офицерлеріне бір бригада резерв келуі мүмкін. Содан кейін оларды орындарынан ығыстыру өте қиын мәселеге айналады. Бүгінде ресейліктердің шекараны мүлдем бақылап отырған жоқ. Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы барлық 600 шақырым бақылаусыз. Алдағы бір-екі күнде жаңалық болады. Мен мұндай міндет қойылса, Украина Қарулы Күштері – Мәскеуге оңай кіре алатынын бірнеше рет айттым».