Сноуден шенеуніктерді WhatsApp пен Telegram қолданбауға шақырды

Сноуден шенеуніктерді WhatsApp пен Telegram қолданбауға шақырды

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден француздық France Inter радиостанциясына берген сұхбатында телеграм мен уатсапты қолданбауға шақырды. Бұл жайлы Ведомости хабарлады.

France Inter тілшісі француз премьер–министрі Эдуард Филипп министрлермен WhatsApp арқылы, ал президент Эмманюэль Макрон Telegram арқылы хат алмасатыны айтты. Журналист Сноуденденнен мұның қаншалықты қауіпті екенін сұрады. Сноуден бұл екі желіні қолдану, шифрлаусыз телефон немесе sms арқылы байланысқаннан жақсы екенін айтты. Алайда, егер премьер-министр болсаңыз, бұл желілерді пайдалану қауіпті екенін атап өтті.

Сноуденнің WhatsApp және Telegram-ның орнына Signal немесе Wire желілерін пайдалануға кеңес берді.

2016 жылы Сноуден твиттер парақшасында WhatsApp Telegram-нан қауіпсіз деп мәлімдеді. Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров WhatsApp барлық хат-хабарларды шифрленбеген түрде сақтайтынын айтты. 2019 жылдың мамырында Дуров WhatsApp-ты қауіпсіздік мәселелері үшін қайта сынады.

Factcheck.kz