Шетпе маңында геоглифтер бары рас па?

Кейінгі бірнеше күнде түрлі парақшаларда Мыңғыстау облысы Шетпе ауылының маңында орналасқан шатқалда бейнеленген геоглифтер ел назарын аударды (1,2,3). Геоглифте Таңбалытаста бейнеленген арқар, жылқы және күнді байқауға болады. Google карта арқылы бейнелерді жақыннан көрсетіп, қалай пайда болғаны туралы сұрақ туындап жатыр, бірі ЖИ арқылы жасалған десе, енді бірі шынайы дейді. Factcheck.kz бейнені тексеріп көрді.

Геоглифтер – топырақ төгу не үстіңгі қабатын қазу, ағаш отырғызу арқылы жасалған геометриялық немесе пішінді өрнектер.

Үкім: Шындық

Бейнедегі геоглифтер Айрақты-Шоманай таулы алқабында орналасқан, авторы –археолог және тарихшы Андрей Астафеьв. Андрей геоглифтер галереясын 2017 жылы жасап, сол туралы мақала жариялайды. Ол жерде мұндай көлемдегі геоглиф жасаудағы мақсатын айтып, елге танымал 5 бейнені таңдап, кейін қалай жасағаны туралы баяндайды.

Андрей мақаласында геоглифтен галерея жасаудағы басты мақсаты – туристерді тарту дейді. Ол жерде елге танымал 5 бейнені таңдағанын айтады: қасиетті арқар, дала кентавры, күн түйесі, ата-баба алақаны және космогониялық Құдай. Сондай-ақ автор мұндай идеяның 2 жыл бұрын келгенін айтып, Наскадағы геоглифтерге ұқсас жасау үшін арнайы Айрақты-Шоманай аймағын таңдағанын жеткізді.

Бір қызығы, 2024 жылы наурыздың басында ақпарат қайта тарап, жергілікті Lada.kz бұның геоглифтер галереясы екенін жазған. Бір айта кететін жәйт: геоглифтер уақыт өте келе пішінін жоғалтып, тіпті кейбірі жерге сіңіп кеткен. Олай дейтініміз, Google Earth-тағы бейнелердің кейбірі 3-4 жылдан кейін өше бастаған.

Шетпе маңында геоглифтер бары рас па?Шетпе маңында геоглифтер бары рас па?
Сол жақ: 22.05.2018 жылы түсірілген скрин Оң жақ: 16.08.2022 жылы түсірілген скрин

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz