Ресей Байқоңыр ғарыш айлағынан бас тартқалы жатыр ма?

Кейінгі күндері әлеуметтік желілерде “Ресей Байқоңырдан бас тартқалы жатыр” деген ақпарат тарады (видео және архив). Ақпаратқа сенсек, қаржының жетпеуінен Ресей билігі Гагарин ең алғаш ғарышқа ұшқан алаңнан бас тартатын құжатты дайындап жатыр. Factcheck.kz аталған ақпараттың рас-өтіріргін тексеріп көрді.

Ақпарат: Ресей билігі Гагарин ең алғаш ғарышқа ұшқан алаңнан бас тартатын құжатты дайындап жатыр.

Үкім: Шындық

Шакир Бабаев есімдің азаматтың видеосының басын “Ресей Байқоңырдан бас тартты” деп бастайды, алайда кейін Гагарин айлағы туралы айтады. Біріншіден, қазіргі таңда Ресей мен Қазақстан арасында жалға беруді тоқтату мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Екіншіден, Гагарин айлағын түпкілікті Қазақстанға беру мәселесі расымен де талқыланған. ҚР Цифрлы даму министрлігінің ақпаратына сай, Гагарин алаңы енді музейге айналады әрі болашақта ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енуі де мүмкін.

Толығырақ

2024 жылы 18-20 қарашада Байқоңырда Ресей-Қазақстан арасында үкіметаралық комиссияның оныншы отырысы өтті. Отырыста бірнеше мәселе талқыланып, соңында Гагарин ұшқан алаңды Қазақстанға қайтарып беру әрі оның музейге айналдыру бойынша бірлескен шешім қабылданды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпаратынша, Гагарин алаңын Қазақстанға тапсыру процесі 2025 жылы 1 маусымда толығымен аяқталады. Жалпы Ресей тарапынан Гагарин алаңын қазақстанға қайтарып, оны музейге айналдыру жоспары 2023 жылдан бері талқыланып келеді.

Ресей Байқоңыр ғарыш айлағын 1994 жылы 20 жылға, кейін 2004 жылы қайта қаралып 2050 жылға дейін созылған. Жыл сайын Қазақстанға 115 млн АҚШ долларын төлеп отыр. Ал пайдаланылмайтын кейбір нысанды уақытынан бұрын қайтарып жатыр. Мысалы былтырдың өзінде 234 нысанды уақытынан бұрын Қазақстанға қайтарған, оның 53-ін Қазақстан қабылдап алған. Ал былтырғы жылы Ресей билігі “Бәйтерек” зымыран кешенін сынақтан өткізу жөнінде Қазақстанмен келісімге келіп, 2025-2027 жылдар аралығында “Союз-5” зымыран тасығышын үш рет ұшыруды жоспарлап отыр.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz