Пікір | Шектен ассаң, шекеден атады

Жақында біз Түркіменстанда трениң өткіздік. Жергілікті журналистер мен блогерлерге медиа сауат пен фактчекиңнің не екенін үйреттік. Әрине, бұл біреу айтса сенгісіз оқиға екені рас, бірақ біз үшін, сең қозғалғандай болып көрінді.

Дәл осы кезде аймақтағы дәстүрлі ең демократ – Қазақстан мен Қырғызстан елі барлық антирекордты жаңартып, адам құқықығы мен бостандығын шектеуден тамаша нәтиже көрсетті.

Қаңтардан кейін енді ештеңеге селт етпейтіндей едік, бірақ… Айдос Садықов… киллерлер, басқа атылған оқ… Бұл латынамерикалық оқиғамен, мафиямен пара пар. Эскобардың стиліндей ерекше қанішер хабарлама. Бұл пікірталастың бір түрі емес. Бұл ерекше, ұмытылмас, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін кім айтатынын көрсететін хабарлама.

Оқиға расында үрейлі, өйткені оңалмайтын, орны толмас қазаға душар болдық. Ал журналист бұл хабарламаны «келесі сенің кезегің» деп оқуы керек. Бұл жалау көтерген ескерту, ал оны елемесең өзіңнен көр.

Олар бізге, журналистерге, блогерлерге, Telegram мен YouTube арнаға және басқаларға не дегісі келді? Ең әуелі «Бәсе» қозғаған тақырыптарды қарау керек. Солардың бірі – Қаңтар. Өйткені ол кезде де басқа оқ атылған.

Әдетте, кез келген оқиға «кім кінәлі?/не істеу керек?» тұрғысынан қаралады. Бірақ бірінші сұрақтың кем дегенде үш жауабы болуы мүмкін (қазіргі үкімет/бұрынғы үкімет/жеке тұлға). Ал екіншісі – тергеу, ақиқатқа жету және жазалау.

Осы сұмдық оқиғаны үш жақтылы қарастырайық: оқиға тарихы тұрғысынан; шешім шығарушы тұрғысынан; салдары тұрғысынан.

Айдос Садықовтың өлімін журналистерге қысым көрсету әрекеті ретінде қарастыру әбден қисынды. Себебі бұл дерттің тарихы айдан анық: шабуыл жасау, тосқауыл болу, тұтқындау һәм қамау және т.б. Сөз бостандығын таптау – қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі, өзінше бір байламы сияқты. Бірақ Қаңтар оқиғасына қатысты барлығы да қатаңырақ жазаланғанын аңғару қиын емес.

Иә, вектордың өзгеруін немесе иллюзияның жоғалуы көңілсіз баян. Жаңа Қазақстан құрғақ сөз емес деген үміт бар еді. Ал бұл жерде ескі Қазақстанның өкілдеріне ғана тиімді деу ақылға қонымды сияқты.

Бірақ бұл оқиғаға шешім шығаруға анализ жасау тұрғысынан да қарауға болады.

Мінез-құлық зерттеулеріне сәйкес, біздің шешімдердің көпшілігі, соның ішінде ең маңыздылары да қисынсыз және әртүрлі когнитивті бұрмалануларға байланысты. Мысалы, адам өзінің мінез-құлқын объективті факторлармен, жағдаймен, ал өзгенің мінез-құлқын жеке ерекшелік деп түсіндіретін қате принципі қалыптасқан.

Мысалы, авторитар елдердің билігі өздерінің ең сорақы, азғын әрекеттерін объективті қажеттікпен, тұрақтылықты қамтамасыз ету, жарқын болашаққа ұмтылу ниетімен түсіндіре алады. Ал оларды сынаушылардың әрекеттері зұлымдық сипатта, «лас» әрі коммерциялық мүдделермен сипатталады.

Бірақ «көзін құрту» туралы шешім шығарғанда, киллер жалдап, кісі өлімін ұйымдастырғанда, белгілі бір қатерге баратыны анық. Бұл операция туралы бірнеше адам білетіндіктен, мәліметтер жария боп кетуі мүмкін және сіз барлық сыбайластарға тәуелді боласыз. Қатерлі шешімнің елеулі себептері болуы керек. Мысалы, сіз қатты қорқатын нәрсе және сол нәрсенің қаупі барлық ықтимал қатерден асып түсуі керек. Мысалы, бір кісінің өлімі көптеген басқа өлімнің артын жабуға көмектескен кезде.

Гипотетикалық тұрғыдан алғанда, қазіргі билік, бұрынғы үкімет және кейбір жеке тұлғаның да мотиві болуы мүмкін. Бұл ретте бірнеше фактіні назардан тыс қалдыруға болмайды: бұл басқа мемлекетте өмір сүретін адамды ел алдында өлтіру; киллерлер бұрынғы қауіпсіздік күштері болса керек; және олардың бірі билікке өзі берілді. Яғни, оған еркіндікте жүру қауіптірек, ал бұл факторлар тапсырыс берушінің әкімшілік ресурсын айқын көрсетеді.

Осыған орай, тіпті қоғам киллерлердің қауіпсіздік күштерімен байланысы бар екенін білуі кездейсоқ емес. Өйткені хабарлама адресатқа жетіп, оларға түсінікті болуы керек.

Бұл қайғылы оқиғаның салдары қандай болуы мүмкін? Қазақстанның сөз бостандығы бойынша рейтиңінің төмендеуі. Бұл журналистер енді жазбауы керек тақырыпқа қарағанда олар үшін түк емес. Мүмкін Қаңтар қасіреті туралы шығар.

Бірақ салдар тұрғысынан алғанда, белгілі бір нюанстар бар. Айдос Садықовтың өлімі туралы барлық журналист пен блогер білгенімен, бұл оқиғаға қатысы бар – құқық қорғаушылар, туған-туыстары мен қанды көйлек достары ешқашан ұмытпайды.

Бұл мейнстрим емес. Өйткені көрермен шаршаған, оның көңілін аулайтын оқиға көп. Өйткені қазір әлемде зорлық-зомбылық көп. Өйткені таяу болашақтағы кез келген жарқын оқиға қоғам сансындағы кісі өлімі туралы түсінікті түкке тұрғысыз етуі мүмкі.

Бірақ құжат, құқық, заң, ақыл және жалпы адамзаттық құндылық – олардың ескіру мерзімі мен өмірлік циклі басқаша. Сондай-ақ атышулы тарих соты бар. Бірақ тарихтың барысы мен объективті фактілері бар. Олар авторитарлық режим құлап жатыр дейді, азайып жатыр дейді. Өйткені оларда ақыл, адамдық пен парасаттылық тіптен аз.

Директор Международного центра журналистики MediaNet, медиа-тренер, консультант, журналист. Инициатор и разработчик нескольких обучающих проектов: «Практическая журналистика», Медиа-Школа (независимая школа журналистики) и др. Основатель Factcheck.kz

Factcheck.kz