Фейк | Қазақстанда банк аударымдары, төлемдер уақытша тоқтайды

Қазақстандық екінші деңгейлі банктердің төлем жүйелері халықаралық ISO 20022 форматын енгізуіне байланысты халық арасында алып-қашпа әңгімелер тарап жүр. Әсіресе WhatsApp-та “банк арасындағы аударымдар, төлемдер немесе интернет-банкиң жүйесі істен шығып қалады не кешігіп жасайды, соған байланысты ақшаны шығарып, қолма-қол ұстау керек” деген ақпарат таралып жатыр. Оқырманның сұрауы бойынша. Factcheck.kz ақпаратты тексеріп көрді.

Фейк | Қазақстанда банк аударымдары, төлемдер уақытша тоқтайды
Әлеуметтік желідегі сурет

Үкім: Фейк

6 қарашада ҚР Ұлттық банкы екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, төлем жүйелеріне ISO 20022 халықаралық форматын енгізіп жатқанын жазды. Дегенмен бұл жасалып жатқан жұмыстар төлем карталарына, QR-төлемдерге, мобильді аударымдарға, ұялы байланыс және басқа да төлемдерге қатысы жоқ. Осыған байланысты екінші деңгейлі банктер қарашаның соңына дейін техникалық жұмыстар жүргізеді. Мысалы кейбір банктер 25 қарашадан бастап ISO 20022 халықаралық стандартына ауысатыны туралы алдын ала ескерткен (1,2,3,4).

Ұлттық төлем корпарациясы 2023 жылы 10 қыркүйекте Ұлттық Банктың ЕЭО елдерімен бірлесіп төлем жүйелеріне ISO 20022 халықаралық стандартын енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеген. Араға бір жыл салып екінші деңгейлі банктер бұл стандартты енгізіп жатыр.

ISO 20022 – банктер мен қаржы институттары арасында электронды хабарлама алмасатын әлемдік стандарт. Ол қаржы ұйымдары арасындағы бизнес-процестерді автоматтандыру үшін жасалған.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz