Қазнетте Қазақстан шенеунігінің үйін тінту кезінде түсірілген-міс деген видео тарады. Видеодан ақшаға лық толтырылған көп сөмкені көруге болады. NUR.KZ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен соған қатысты комментарий алды.
Үкім: Фейк
Бірнеше скриншоттың және Яндекс.Картинкидің көмегімен түпнұсқаны таптық.
Видеодағы қазына Ресей азаматы, Федерал қауіпсіздік қызметінің «К» банк басқармасының бұрынғы басшысы Кирилл Черкалиндікі болып шықты. Ол әріптестерімен бірге 2019 жылдың сәуірінде тұтқындалды.
Тінту кезінде оның пәтерінен көп ақша мен жалпы құны 12 млрд рубль болатын бағалы зат табылды. Черкалин ақшаны банктердің заңсыз операцияларын бүркемелегені, The Bell мен «Проект» басылымдарының нақтылауынша, заңсыз қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін делдалдар арқылы Мәскеу банкирлерінен алған.
Видеоны алғашқылардың бірі болып «Известия» жариялады. Қазақстанда қазір тарап жатқан видеоның дәл сол екенін көріп отырмыз.
Біз Қазақстан шенеуніктерінің де ақшаны Ресейдегі әріптестерінен аз көлемде жымқырмайтынын жоққа шығармаймыз, бірақ Қазнеттегі бұл видеоға қатысты ақпарат – фейк.